Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматыда «Қайрат» – «Реал» ойынына байланысты көшелер жабылады

Бүгін УЕФА Чемпиондар лигасы аясында өтетін «Қайрат» (Алматы) пен «Реал Мадрид» (Испания) арасындағы көптен күткен ойынға байланысты Алматы қаласының бірнеше көшесінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2025
Жаңалықтар

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, шектеулер қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ойынды жоғары деңгейде өткізу мақсатында енгізіліп отыр.

Қай көшелер жабылады?

Сағат 16:00-ден бастап келесі учаскелерде көлік қозғалысы тоқтатылады:

  • Абай даңғылы – Байзақов көшесінен Сейфуллин даңғылына дейін;

  • Сәтбаев даңғылы – Байзақов көшесінен Сейфуллин даңғылына дейін;

  • Байтұрсынов көшесі – Тимирязев көшесінен Шевченко көшесіне дейін.

Полиция департаменті қала тұрғындары мен қонақтарына сапар бағытын алдын ала жоспарлап алуды ескертеді.

Футбол жанкүйерлерінің жайлы қозғалысы үшін матчтан кейін Орталық стадионнан 60 тегін автобус жіберіледі. Олар мына бағыттар бойынша қатынайды:

  • А1 – Орталық стадион – «Алматы Арена» (Абай даңғылы, батыс бағыты);

  • А2 – Орталық стадион – Райымбек/Алатау (Абай даңғылы, батыс бағыты);

  • А3 – Орталық стадион – Алматы-1 теміржол вокзалы (Байтұрсынов көшесі, солтүстік бағыты);

  • А4 – Орталық стадион – Орбита ықшамауданы (Байтұрсынов көшесі, оңтүстік бағыты);

  • А5 – Орталық стадион – Жұлдыз ықшамауданы (Абай даңғылы, шығыс бағыты);

  • А6 – Орталық стадион – Халықаралық әуежай (Абай даңғылы, шығыс бағыты).

Сонымен қатар, қала әкімдігінің хабарлауынша, метро жұмысы түнгі 01:00-ге дейін ұзартылды.

Тегтер: қазақстан

Соңғы жаңалықтар

Жамбыл ауданында 15 жаңа медициналық нысан пайдалануға берілді

Қорлан Нұрланқызы
13.10.2026

Қонаевта 10 млрд теңгеден астам қаржыға заманауи спорт кешені салынбақ

Қорлан Нұрланқызы
13.10.2026

Қонаевта жасанды интеллект пен IT технологияларына арналған Konaev Fest өтті

Қорлан Нұрланқызы
13.10.2026

Алматы облысында 4,4 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

Қорлан Нұрланқызы
13.10.2026

Қазақстан әлемдегі ең ықпалды 35 елдің қатарына енді

Қорлан Нұрланқызы
13.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz