Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматыда көпқабатты тұрғын үй құрылысына қатысты дау шықты

Алматыда көппәтерлі тұрғын үй құрылысына қатысты дау шықты. Әуезов ауданының тұрғындары үйлердің бір-біріне тығыз салынып жатқанына қарсы, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап.

22.08.2022
Жаңалықтар, Қоғам

«Егер үйімізге қарама-қарсы жатқан бос жерге тұрғын үй салынатын болса, жүріп-тұруымыз одан әрі қиындап кетеді» дейді Ақсай шағын ауданының тұрғындары. Айтуларынша, мұнда осыған дейін теннистік корт және көлік тұрағы болған. Ал енді бұл жерге тұрғын үй салынбақшы.

«Мына жерде құрылыс жүрейін деп жатыр. Көпқабатты үй саламыз деп жатыр. Біз қарсымыз. Өйткені мына жер тар. Адамдар итпен қыдырады, екіқабат әйелдер жүреді, демалады. Енді биік үй салатын болса, білмеймін не болатынын», — дейді Алматы қаласының тұрғыны Дания Балмұханбетова.

Тұрғындар мұнда үй емес, демалатын саябақ, спорт кешенін салуды жөн көреді. Себебі маңайда балалар алаңқайы аз. «Ауладағы жолымыз да тар» дейді олар.

«Артымызда 9 қабатты үйлер тұр. Мына жақта мектеп, келесі жақта балабақша орналасқан. Онсыз да тар. Оқу жылында балалар әрі-бері жүреді. Көлік те көп. Дәл осы жерге жаңа тұрғын үй салынатынын естідік. Бұл мүлдем ақылға қонбайтын іс», — деді Алматы қаласының тұрғыны Сергей Балуков.

Аталған жер теліміне көппәтерлі тұрғын үйлер салынатынын қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы растады. Ауданның егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес 12 қабатты тұрғын үй құрылысы қарастырылған.

«Біздің рұқсаттама құжаттары негіздемесі бойынша ол бас жоспар және егжей-тегжейлі жоспарға сәйкес келеді. Бұл жерде сұратылып отырған мекенжай бойынша көпқабатты тұрғын үйлер қарастырылған. Жер учаскесі жекеменшік, жеке тұлғаның атында. Көпқабатты тұрғын үйдің эскиздік жобасы қазіргі таңда келісілмеген», — дейді Әуезов аудандық жоспарлау және аумақтарды үйлестіру қызметі басшысының міндетін атқарушы Бекнар Берікұлы.

Мамандар тұрғындардың наразылығы міндетті түрде ескерілетінін айтты. Заңға сәйкес, құрылысқа жақын маңдағы тұрғындардың назарына құрылыс жүргізуші жобаны ұсынып, қоғамдық талқылау өткізуге міндетті дейді.

Тегтер: көпқабаттытұрғын үй

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Сталкинг ісі: Алматы облысында актрисаның күйеуі қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматыда 8 келі метамфетаминмен ұсталған күдікті қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысында ауа райы күрт нашарлайды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысы call-орталықтарының байланыс нөмірлері жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz