Әкімшілік тәжірибе бөлімшесінің қызметкерлері оны Абай даңғылы мен Өтеген батыр көшесінің қиылысында тоқтатты.
«Жүргізушінің мінез-құлқы күдік тудырды. Оны медициналық тексеруден өтуге апарды. Қорытынды бойынша нарколог дәрігерлер оның есірткіге мас болғанын анықтады. Жүргізуші бірден қоғамдық көлікті басқарудан шеттетілді», — деді Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Дәулет Сейітқұлов.
Сот шешімі бойынша ер адам көлік құралын басқару құқығынан 8 жылға айырылды, сондай-ақ 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Сонымен қатар, жүргізушінің мас күйінде көлік жүргізушісіне жол берген автокәсіпорынның медицина маманына 150 мың теңге айыппұл салынды.