«Салынып жатқан Pinе Hill тұрғын үй кешенінің үшінші қабаты сот шешімімен бұзылады. Ерменсай шағын ауданында 7-інші тұйық көше, 8/1 учаскесінде салынып жатқан нысанды тексеру кезінде құрылыс салушы тұрғын үйдің үшінші қабатын заңсыз салып жатқаны анықталды. Рұқсат құжаты тек 2 қабатқа берілген», — делінген хабарламада.
Өткен жылдың қараша айында Алматы әкімдігінің басқармасы үшінші қабатты бұзу туралы сотқа арыз түсірген. Алайда, сот арызды қанағаттандырудан бас тартқан. Басқарма апелляциялық шағым берген.
«Апелляциялық шағым қанағаттандырылды. Үшінші қабатты бұзу туралы сот шешімі заңды күшіне енді және Әділет департаментінің орындауына берілді», — делінген әкімдік мәліметінде.
Енді алматылықтар салынып жатқан тұрғын үй нысандарының заңдылығы туралы қала құрылысын бақылау басқармасының телефон нөмірі арқылы біле алады. Сенім телефонының нөмірі: +7 (727) 229-81-36.
Көрсетілген нөмір бойынша дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін кеңес алуға болады.