Алматы қаласының Әділет департаментінде проблемалық алимент бойынша барлығы 1776 іс бар. Олардың санын азайту мақсатында департамент жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен, полицейлермен және халықты жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп борышкерлерді әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту, сондай-ақ оларды жұмысқа орналастыру бойынша меморандумға қол қойды. Жыл басынан бері 57 борышкер жұмыс тапты.
Сонымен қатар, 2022 жылы алимент өндіру бойынша әкімшілік жауапкершілікке 68 борышкер, ал қылмыстық жауапқа 6 әке тартылды.
«Борышкерлерді әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартуда аталған шара тиімді екенін көрсетті. Нәтижесінде борышкерлер 85 млн теңгеден астам сомаға берешек төледі», — деді спикер.
Өкінішке орай, отбасынан ажырасып, алимент арқалайтындар саны артып барады.