Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы және Жетісу облыстары ауруханаларына 14 млн теңге айыппұл салынды

Медициналық қалдықтарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды бұзғаны үшін Алматы және Жетісу облыстарының денсаулық сақтау объектілеріне 14 млн теңгеге айыппұл салынды, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

25.07.2022
Жаңалықтар

«Алматы облысының санитариялық қызметі денсаулық сақтау объектілерінде қалдықтарды жинауға, залалсыздандыруға және сақтауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың бұзылуына байланысты жалпы сомасы 14 млн теңгеге 74 айыппұл салды. Оның ішінде медициналық қалдықтарды жинау, сақтау және есепке алу мерзімдері бойынша заң бұзған жеке тұлғаларға 69 айыппұл, лауазымды тұлғаларға 3 айыппұл және медициналық қалдықтарды уақытша сақтау үй-жайын жарақтандыру және жабдықтау жөніндегі нормаларды сақтамағаны үшін заңды тұлғаларға 2 айыппұл салынды», — делінген Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, медициналық қалдықтарды жинауға, залалсыздандыруға және сақтауға қойылатын санитариялық талаптардың сақталуы облыстық СЭБД тұрақты назарында. Бүгінгі таңда департаменттің бақылауында 1793 медициналық ұйым бар.

Медициналық ұйымдардың әрбір құрылымдық бөлімшесінде медициналық қалдықтармен жұмыс істеу схемасы әзірленіп, медициналық қалдықтарды жинау және уақытша сақтау үшін жауапты тұлғалар бекітілген. Медициналық қалдықтар арнайы бір рет қолданылатын полиэтилен пакеттерге және қақпағы тығыз жабылатын ыдыстарға жиналады. Олар медициналық қалдықтардың класына байланысты белгіленеді.

Бекітілген кестеге сәйкес мамандандырылған ұйымдармен жасалған келісімшарт негізінде шығарылып, жойылады. Бұл мекемелерде қалдықтарды дұрыс жоюға арналған пештер мен жабдықтар бар. Департаменттің аумақтық басқармаларының бақылауында медициналық қалдықтарды жоюмен айналысатын 14 ұйым бар.

Оның біреуі өңдеу қуаты сағатына 120 килограмнан астам болғандықтан эпидемиялық маңызы жоғары, қалған 13-і эпидемиялық маңызы болмашы объектілер саналады.

Жыл басынан бері медициналық қалдықтардың «А» сыныбының қалдықтары – 5721, 906 тонна, «Б» сыныбындағы эпидемиологиялық қауіпті қалдықтар – 18620,075 тонна, «В» сыныбының эпидемиологиялық аса қауіпті қалдықтар – 3360,991 тонна, «Г» сыныбындағы токсикологиялық медициналық қалдықтардан – 3616 дана шығарылды.

Олар — бактерицидтік, люминесцентті, құрамында сынап бар, жарық диодты шамдар, термометрлер, гигрометрлер және рентген пленкалары.

Тегтер: Жетісу облысы

Соңғы жаңалықтар

Ұлттық банк: инфляция 11,7%-ға дейін төмендеді

Қорлан Нұрланқызы
07.03.2026

СІМ қазақстандықтарға Таяу Шығыстағы бірқатар елге бармауға кеңес берді

Қорлан Нұрланқызы
07.03.2026

Қонаевта өңір дамуына үлес қосқан әйелдер марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
07.03.2026

Алматы облысында агросаланың болашағы талқыланды

Мөлдір Иманмади
06.03.2026

Dolce компаниясының ұжымы: Жаңа Конституция – ел дамуы үшін маңызды

Қорлан Нұрланқызы
06.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz