Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысының Текелі қаласында 40 отбасы баспаналы болды

Алматы облысының Текелі қаласында 40 пәтерлі көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Баспаналар «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында әлеуметтік топтағы отбасыларға үлестірілді, деп хабарлайды AlatauNews.kz ақпарат агенттігі.

07.06.2022
Жаңалықтар

Баспаналы болуды көптен бері армандап жүрген отбасының бірі — көпбалалы ана Ахит Дәурен. Бес балалы отбасыға мемлекеттік бағдарламамен үш бөлмелі пәтер бұйырыпты. Қазір олардың қуанышында шек жоқ.

«Отбасымызбен осы уақытқа дейін жалдамалы пәтерде жүрдік. Бүгін енді бала-шағамызбен үйлі болып, жайлы болып қуанып жатырмыз. Көп-көп рақмет! Ризамыз!», — деді көпбалалы ана.

Жалпы, Текелі қаласында жыл сайын әкімдікке баспана алу үшін ондаған адам тіркеледі екен. Қазір пәтер кезегінде 1000-нан аса адам тұр. Оларды баспанамен қамтамасыз ету үшін шаһарда жыл сайын бірнеше көпқабатты үй салу жоспарланған.

«Нұрлы жер» бағдарламасының жоспарына сәйкес келесі жылы да үй тұрғызу жоспарланып отыр. Олардың әрқайсысы дәл сондай 40 пәтерлі болмақ, – дейді, жергілікті билік өкілдері.

Айта кетейік, жыл басынан бері Текелі қаласында 80 пәтер пайдалануға берілді.

Мади Сайдильдин

Соңғы жаңалықтар

Іле ауданында референдум күні «Зверополис» кейіпкерлері дауыс беруге келді

Қорлан Нұрланқызы
15.03.2026

Референдум күні Алматы облысында 24 сәби дүниеге келді

Қорлан Нұрланқызы
15.03.2026

Шонжыда орманшылар дауыс беріп, мектеп ауласына 30 түп ағаш отырғызды

Қорлан Нұрланқызы
15.03.2026

ІІМ: Референдум учаскелеріндегі жағдай тұрақты

Қорлан Нұрланқызы
15.03.2026

Алатау қаласында «Референдум аллеясы – 2026» көшеттері отырғызылды

Қорлан Нұрланқызы
15.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz