Басқарманың мәліметінше, ағымдағы жылдың 6 айының қорытындысы бойынша ірі қара мал басы 776,6 мың басқа жетіп, 4,8%-ға көбейген. Қой мен ешкі – 2988,0 мың (9,0%), жылқы – 251,1 мың (8,3%), түйе – 7,4 мың (1,5%), үй құстары – 10 189,1 мыңға (18,0%) өскен.
Тірі салмақта өндірілген ет көлемі 131,6 мың тоннаны (2,4%), тиісінше сүт – 255,0 мың тоннаны (0,6%), жұмыртқа – 275,8 млн дананы (66,7%) құрайды.
Бұл ретте жеке үй шаруашылығында 49,4% ІҚМ (384,3 мың бас), 36,5% ҰММ (1091 мың бас), 45% жылқы (112,4 мың бас), 0,07% түйе (500 бас), 0,07% құс (717,7 мың бас) бар. Оларға өндірілген ет 34,8%, сүт 67% және жұмыртқаның 15%-ы тиесілі.
Сондай-ақ жеке шаруашылықтағы мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыру үшін асылдандыру жұмыстары, жайылымдық жермен қамтылуы және төмен бағада мал азығын алу жолдарының маңыздылығы да айтылды. Облыс көлемінде асыл тұқымды көбейту, түрлендіру мақсатымен ірі қара малдың аналық басымен 29,7% (113,6 мың бас) қамтылды.