Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Алматы облысы әкімінің өкімімен Төлебек Құлекеев облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
27.11.2026
Жаңалықтар

Ол 2026 жылғы 26 қарашадан бастап арнайы тексерудің қорытындысын алғанға дейін аталған қызметті атқарады.

Төлебек Болатұлы Құлекеев 1993 жылы дүниеге келген. 2015 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін «Экономика», ал 2025 жылы Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетін «Агрономия» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолында «Самұрық-Қазына корпоративтік университетінде», «СП «Қорғау инжиниринг» және «МАЭК-КАЗАТОМПРОМ» серіктестіктерінде түрлі қызметтер атқарған.

Әр жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасында бас маман, бөлім басшысы және басқарма басшысының орынбасары болып жұмыс істеген. Сондай-ақ Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің активтерді басқару департаментінде менеджер қызметін атқарған.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде агромелиорация басқармасының бас сарапшысы, микрокредиттің берілуін мониторингтеу басқармасының басшысы болған.

2026 жылдың сәуірінен бастап осы тағайындауға дейін «ALMA6» ЖШС директоры қызметін атқарған.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Абай бол! Жол қауіпсіздігі әркімнен басталады

Акжаркын
27.11.2026

Есірткі қылмысы – қоғамға ортақ қауіп

Акжаркын
27.11.2026

Интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік ережелері

Акжаркын
27.11.2026

Өз мүлкіңді қорға – өз құқығыңды біл

Акжаркын
27.11.2026

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол жоқ

Акжаркын
27.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz