Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысының әкімі мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекелерімен құттықтады

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев мемлекеттік қызметшілерді 23 маусымда Қазақстанда атап өтілетін кәсіби мерекесімен құттықтады. Мерекеге орай салтанатты жиын өтті деп, хабарлайды Alataunews.kz ақпараттық порталы

23.06.2022
Жаңалықтар
Суретті түсірген Жұмабай Мұсабеков

Суретті түсірген Жұмабай Мұсабеков

Әкімнің айтуынша, Алматы облысының бөлінуі тарихи оқиға болды. Тек үйлесімді бірлескен жұмыс қана ел Президенті жоспарлаған өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының ауқымды міндеттерін іске асыруға мүмкіндік береді.

«Бүгінде бұл салада біздің өңірде 2 мыңға жуық мемлекеттік қызметші бар. Бұл үлкен құрмет және үлкен жауапкершілік. Облыс басшысы Президент Тоқаевтың: «Мемлекеттік қызмет – бұл өз еліне және халқыңа қызмет ету» деген сөзіне тоқталды, сондай-ақ ол мемлекеттік басқарушылардың рөлін, оларға қойылатын ерекше талаптар мен ерекше сұранысты атап өтті.

Жиын барысында Марат Сұлтанғазиев Президенттің 2022 жылғы 17 наурыздағы Жарлығымен ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталған облыс әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашовтың өңірді дамытуға қосқан үлесін атап өтті.

Суретті түсірген Жұмабай Мұсабеков

«Сіздердің бай тәжірибелеріңіз, білімдеріңіз, дағдыларыңыз алдағы уақытта жерлестер үшін қолайлы өмір сүру жағдайларын дамытуға және жасауға, әлеуметтік оптимизм мен ертеңгі күнге деген сенімділік деңгейін арттыруға бағытталатынына сенім білдіремін», — деп атап өтті Алматы облысының әкімі.

Сөз соңында Марат Сұлтанғазиев жиналыстың барлық қатысушыларына арнаған сөзінде:

«Ең бастысы, сіздердің жасаған жұмыстарыңыздың нәтижелері адамдардың көретінін, сезінетінін және бағалайтынын ешқашан ұмытпаңыздар».

Тегтер: кәсіби мереке
Please login to join discussion

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттары жаңартылды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстан бойынша Digital Nauryz аясында ЖИ-дәрістер мен ашық кездесулер өтеді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстанда техникалық байқау қағидаларына өзгерістер енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Талғар ауданында 500-ге жуық жастың қатысуымен форум өтті

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Алматы облысында жыл басынан бері 57 есірткі құқық бұзушылығы анықталды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz