Кеңеске қатысушылар арнайы экономикалық аймақ құру, қала құрылысы құжаттарын әзірлеу шараларын және инвестициялық резидент мәртебесін беру мәселелерін қарады.
Премьер-Министр «G4 City» қаласын дамыту жөніндегі бас жоспардың тұжырымдамасын бекіту мерзімдерін жеделдетуді тапсырды.
Айта кету керек, G4 – Алматы-Өскемен республикалық тас жолы бойында, Алматы-Қапшағай телімінде орналасатын, құрылымдық жағынан біріктірілген төрт бірегей заманауи ақылды қалала.
Жобаның негізгі міндеті – бизнестің қарқынды дамуына және халықтың жайлы өмір сүруіне қолайлы жағдай жасалған, Алматы мегаполисінің жаңа ақылды қалаларын салу.