Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында жылдар бойы шаруашылықпен айналысқан қандастар үйінен айырылды

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында ұзақ жылдар шаруашылықпен айналысқан отбасы бір күнде баспанасынан айырылды. Жер иесі тұрғын үйді заңсыз салды деп, ешкім жоқ кезде қиратып тастаған, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі Экспресс.К сайтына сілтеме жасап.

23.08.2022
Жаңалықтар, Қоғам
Ашық дереккөзден

Ашық дереккөзден

Бір күнде тұрар жерінен айырылған отбасының бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Видеода қираған үйдің маңында қатты жылаған ер кісі мен әйел адамды көруге болады. Айналасында бір топ жұрт жұбатып әлек.

https://www.instagram.com/reel/Chc1aM-gwLI/?igshid=YmMyMTA2M2Y=

Жергілікті әкімдіктегілер оқиғаның жер үшін талас екенін растады. Яғни аталған жер телімі «Жалайыр Шора» ЖШС-не тиесілі көрінеді. Серіктестік иесі — Бағдатхан Мүптекова. Сонымен қатар бұл жер телімі иелігіне аталған серіктестің тағы бірнеше адамының құқығы бар.

Бірақ Бағдатхан Мүптекова өзге серіктестерге ескертпестен Нұра ауылына көшіп келген қандас Дәлелхан Пазыл есімді тұрғынға сатып жібереді. Ол сол маңнан үйін тұрғызып, шаруашылықпен айналысқан. Арада біраз уақыт өткеннен кейін серіктестіктегі жерге иелік ететін өзге адамдар бұл жағдайды естіп, заңсыз үй тұрғызды деп сотқа жүгінген.

«Қауымдастық мүшелерінің бірі Серік Ауғанов жерге заңсыз үй салды деген шағыммен сотқа жүгінген. Сот жерді қайтару туралы арызды қанағаттандырған. Бірақ үйді бұзу туралы шешім болмады. Соған қарамастан жер иесі Дәлелханның үйде жоқтығын пайдаланып, баспанасын сүріп тастаған», — деді аудандық әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер.

Баспанасынан айырылған қандас отбасының қазір қайда екені белгісіз. Әкімдікке қойылған «уақытша баспанамен қамту, я болмаса қандай да бір қолдау көрсетілді ме?» деген сұрағымыз жауапсыз қалды. Ондағылар тек енді қандастардың заң аясында үйге кезекке тұрып, өз уақытымен баспаналы бола алатынын жеткізді.

Тегтер: қандастарқоғам

Соңғы жаңалықтар

Мәңгілік ел идеясын ту еткен Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Президент

Қорлан Нұрланқызы
19.05.2026

Alatau City-де Қазақстандағы алғашқы eVTOL аэротаксиі таныстырылды

Қорлан Нұрланқызы
19.05.2026

Бас прокуратура халықаралық форумда инвесторларды қорғау тәжірибесін ұсынды

Қорлан Нұрланқызы
19.05.2026

Тоқаев Алтын Орда тарихына арналған халықаралық симпозиумға қатысты

Қорлан Нұрланқызы
19.05.2026

Еңбекшіқазақ ауданында ұстаздар арасында «UstazQuiz» Супер кубогы өтті

Қорлан Нұрланқызы
19.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz