Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында жол ережесін бұзғандар дрон арқылы анықталды

Алматы облысында жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында жүргізілген профилактикалық іс-шаралар барысында дрондардың көмегімен 500-ге жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
27.03.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар, Қоғам

Полиция қызметкерлері ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану арқылы жолдағы жағдайды әуеден бақылауды күшейтіп, қауіпті маневрлерді дер кезінде тіркеуде.

Алматы облысы полиция департаментінің бастығы Мейрам Әбікеевтің айтуынша, өткен демалыс күндері өңірдің негізгі автожолдарында полиция қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеген.

«Ерекше назар дрондарды қолдануға аударылды. Бұл құрылғылар жол қозғалысын әуеден тиімді бақылауға және жүргізушілердің қауіпті әрекеттерін жедел анықтауға мүмкіндік береді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 500-ге жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді», – деді ол.

Талдау нәтижесі көрсеткендей, жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері ретінде қарсы бағыттағы жолаққа шығу және белгіленген жылдамдықты асыру фактілері жиі тіркеледі.

Полиция өкілдері мұндай шаралардың басты мақсаты жүргізушілерді жазалау емес, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және барлық жол қозғалысы қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету екенін атап өтті.

Айта кетейік, бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да «Заң және тәртіп» қағидаты аясында жалғасады.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында колонияға 10 телефон жеткізу әрекеті тоқтатылды

Қорлан Нұрланқызы
27.03.2026

Алматы облысында «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
27.03.2026

Алматы облысында жол ережесін бұзғандар дрон арқылы анықталды

Қорлан Нұрланқызы
27.03.2026

Парламент Алатау қаласына арнайы мәртебе беретін заңды мақұлдады

Қорлан Нұрланқызы
27.03.2026

Қонаев қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Қорлан Нұрланқызы
26.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz