Алматы облысы Іле аудандық соты «ЛА-155/4» түзеу мекемесі бастығының кезекші көмекшісіне қатысты үкім шығарды. Қызметкер өзінің лауазымын пайдаланып, жазасын өтеп жүрген әйелді зорлаған. Сондай-ақ ол қасақана психикалық азап келтірген.
Оқиға 2021 жылдың 10 маусымында болған. Алайда сотталушы қызметкер өз кінәсін мойындамады.
«Қылмыстық құқық бұзушылық дәлелі жәбірленушінің айғақтарымен, сот талқылауы барысында зерттелген дәлелдемелер жиынтығымен, оның ішінде сот-биологиялық және сот молекулалық-генетикалық сараптамасының қорытындысымен расталды», — деп мәлімдеді облыстық сот.
Прокурор соттан сотталушыны кінәлі деп тануды және 12 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза қолданып, белгілі бір лауазымдарды 3 жыл мерзімге атқару құқығынан айыруды сұрады. Зорлық жасаған түрме қызметкерінің кәмелетке толмаған 6 баласы барын ескерген сот үкім шығарған кезде жеңілдетілген жаза түрін қарастырды.
Сот сотталушыға 3 жыл мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 9 жылға соттады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ