Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында трассаны су басып, жол жабылды

Алматы облысында «Кеген – Нарынқол» республикалық автомобиль жолының бір бөлігін еріген қар суы шайып кетті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
03.04.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар, Қоғам

Жол қызметі мамандары жоспарлы тексеру кезінде аталған жолдың 20-шы шақырымында еріген қар суының ағысы күшейгенін анықтаған. Қосымша тексеру барысында су өткізу құбырының бүлініп, жиналған судың жол жамылғысын шайып кеткені белгілі болды.

Мамандардың айтуынша, бұл жол учаскесі 1960–1970 жылдары салынған. 50 жылдан астам уақыт ішінде мұнда мұндай жағдай тіркелмеген, сондықтан аймақ бұрын тасқын қаупі бар аумақ ретінде қарастырылмаған.

Қауіпсіздік мақсатында жол қозғалысы дереу тоқтатылып, тиісті шаралар қабылданды. Қазіргі уақытта апат орнында арнайы техника жұмыс істеп жатыр. Көлік қатынасын үзбеу үшін уақытша жол салынған.

Жол қызметінің мәліметінше, су өткізу құбыры мен бүлінген жол жабындысы еріген су деңгейі төмендегеннен кейін қалпына келтіріледі. Сонымен қатар аталған учаскеде орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу мердігер ұйымға тапсырылған.

Жөндеу барысында зақымданған бөліктер толық қалпына келтіріліп, жол инфрақұрылымының табиғи апаттарға төзімділігі күшейтіледі.

Қазіргі таңда жағдай тұрақты бақылауда.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Саденов рассказал, как проходит расследование смертельного ДТП в Алматы

Николай Иващенко
04.04.2026

Движение транспорта на поврежденном участке трассы «Кеген-Нарынкол» восстановлено

Николай Иващенко
04.04.2026

К 180-летию высажено 180 саженцев в Алматинской области

Николай Иващенко
04.04.2026

В Жамбылском районе началась весенняя посевная кампания

Николай Иващенко
04.04.2026

Часть дороги «Кеген-Нарынкол» обрушилась Алматинской области

Николай Иващенко
03.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz