Алдын ала мәлімет бойынша, 2006 жылы туған екі жігіт таңертең тауға шыққан. Алайда кері қайтар жолда қиындыққа тап болып, өздігінен төмен түсе алмаған. Осыған байланысты олар құтқарушылардың көмегіне жүгінген.
Оқиға орнына Алматы қаласының Мониторинг және жедел әрекет ету орталығының құтқарушылары жетіп, жас жігіттерді таудан аман-есен түсірді.
Зардап шеккендер медициналық көмекке мұқтаж болмаған. Құтқару операциясынан кейін олар үйлеріне өз бетінше қайтты.





