Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында құтыру бойынша жағдай қандай: дәрігерлер мәлімдеме жасады

Алматы облысында құтыру ауруының таралу қаупі өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Мамандардың мәліметінше, бұл – жүйке жүйесін зақымдайтын аса қауіпті вирустық ауру, дер кезінде вакцинация жасалмаса, 100 пайыз өліммен аяқталады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
01.04.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Құтыру көбіне жануар тістегенде немесе оның сілекейі арқылы жұғады. Жыл сайын облыста 4 мыңнан астам адам құтыруға қарсы медициналық көмекке жүгінеді.

Статистикаға сәйкес, зардап шеккендердің 85 пайызы – иттен, 10 пайызы – мысықтан, 3 пайызы – кеміргіштерден, ал 1 пайызы басқа жануарлардан зардап шеккен. Сонымен қатар жағдайлардың жартысы балалар мен жасөспірімдер арасында тіркеледі.

Мамандардың айтуынша, жағдайлардың 40 пайызында адамдар қауіпті аймақтардан жарақат алады. Мұндай кезде антирабиялық вакцинамен қатар қосымша иммуноглобулин енгізу қажет.

Ең көп жағдайлар Қарасай, Іле, Талғар және Еңбекшіқазақ аудандарында тіркелген.

2025 жылы облыстық бюджет есебінен 95 миллион теңгеден астам қаражат бөлініп, 28 480 қаңғыбас жануар ауланған. Сонымен қатар 158 жануар иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Алматы облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Марат Исмаилов тұрғындарды сақтық шараларын сақтауға шақырды.

Мамандардың негізгі ұсынымдары:

  • жабайы және қаңғыбас жануарларға жақындамау;
  • үй жануарларын жыл сайын вакцинациялау;
  • тістелген жағдайда жараны 10–15 минут сабынды сумен жуып, антисептикпен өңдеу және дереу дәрігерге қаралу;
  • вакцинацияны мүмкіндігінше ерте бастау.

Сондай-ақ дәрігерлер «40 укол» туралы түсініктің ескіргенін атап өтті. Қазіргі таңда емдеу курсы 5–6 екпеден тұрады.

Мамандар вакцинация кезінде және одан кейінгі алты ай бойы алкоголь қолдануға болмайтынын ескертеді. Бұл иммундық жүйенің әлсіреуіне және жанама әсерлердің күшеюіне әкелуі мүмкін.

Айта кетейік, соңғы 10 жылда облыста туляремия ауруы тіркелмегенімен, Балқаш, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Іле, Талғар және Ұйғыр аудандарындағы 24 елді мекен аумағында оның табиғи ошақтары бар. Сондықтан эпидемиологиялық қауіп сақталып отыр.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында құтыру бойынша жағдай қандай: дәрігерлер мәлімдеме жасады

Қорлан Нұрланқызы
01.04.2026

1 сәуірден бастап Қазақстанда не өзгереді?

Қорлан Нұрланқызы
01.04.2026

Марат Сұлтанғазиев Қытайда оқып жатқан студенттермен кездесті

Қорлан Нұрланқызы
31.03.2026

Іле Алатауында «Бұтақты» визит-орталығы ашылды

Қорлан Нұрланқызы
31.03.2026

Өтеген батыр ауылында жаңа спорт кешені ашылды

Қорлан Нұрланқызы
31.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz