Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында құрылыс нысандарын тексеру кезінде бірқатар кемшіліктер анықталды

2025 жылғы 27–28 мамыр аралығында облыстық мәслихат депутаттарының қатысуымен Кеген, Райымбек және Ұйғыр аудандарындағы бірқатар құрылыс нысандарына жұмыс сапары ұйымдастырылды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
02.06.2025
Жаңалықтар

Сапардың мақсаты – атқарылып жатқан құрылыс жұмыстарының барысын көзбен көріп, сапасын тексеру болатын. Алайда мониторинг нәтижесінде көптеген жобаларда мерзімнің кешіктірілуі, құрылыс сапасының төмендігі және техникалық бақылаудың жеткіліксіздігі анықталды.

Кеген ауданы:

  1. Торайғыр және Қопалы каналдары: Жобаның орындалу деңгейі 25% ғана құрап, құрылыс мүлдем тоқтаған. Құжаттамалар қайта қаралып жатыр. Сот шешімімен мердігерден 100 млн теңгеден астам қаражат өндірілді. Құрылыс сапасына қатысты көптеген техникалық кемшіліктер тіркелді.
  2. Жалағаш ауылдық мәдениет үйі: Құрылыс кестеден айтарлықтай артта қалған. Линолеум сапасыз, жаңбыр суы ішке ағып жатыр, мүгедектерге арналған көтергіш дұрыс орнатылмаған. Көгалдандыру аяқталмаған. Сот шешімімен мердігерге жұмысты аяқтау міндеттелген.
  3. Кіші Қарқара медициналық пункті: 2018 жылы құрылған нысан құқықтық құжаттардың болмауына байланысты ресми түрде пайдалануға берілмеген. Қабырғаларда жарықтар бар, ғимараттың қауіпсіздігіне күмән бар.
  4. «Балауса» балабақшасы: 2013 жылы салынған нысанның астынан су кетіп, бір жағына қисайған. Жөндеу жобасына қаражат бөлінгенімен, күрделі жөндеу жұмыстары кешеуілдеп жатыр.
  5. Қарқара ауылындағы өрт сөндіру депосы: Құрылыс артта қалған, дәнекерлеу жұмыстары мен материалдарды сақтау талаптары бұзылған.
  6. Суару желілерін реконструкциялау: 121,5 км болатын арналар бойынша жұмыстар баяу жүргізілуде. Кей арналар бойынша қаржы бөлінбей, жұмыстар мердігер есебінен атқарылуда.

Райымбек ауданы:

  1. «Қабанды» тоспасы (Сарыжаз ауылдық округі): 2024 жылдың тамызында аяқталуы тиіс болған жоба ауа райының қолайсыздығына байланысты кешіктірілуде. Бүгінде 73% жұмыс орындалған.
  2. «Шибұт» тоспасы (Шәлкөде): Құрылыс кешігіп жатыр. Жоба құжаттарына енгізілген өзгерістер сот процесіне себеп болған. Терең су қоймасында қоршау жоқ.

Ұйғыр ауданы:

  1. Кіші Дихан дәрігерлік амбулаториясы: Жаяу жүргінші жолы дұрыс төселмеген, су ағу жүйесі тиісті деңгейде емес, бұл ғимаратқа қауіп төндіруі мүмкін.
  2. Дардамты ФАП: Ішкі әрлеу, есік, кафель, санитарлық тораптарда ақаулар бар. Сыртқы жұмыстары да сапасыз жүргізілген.
  3. Ақтам дәрігерлік амбулаториясы: Құрылыс жұмыстары өте баяу, жұмысшылар саны жеткіліксіз. Жұмыс сапасы төмен, қаржыландыру мәселесі толық шешілмеген.
  4. Тиірмен дәрігерлік амбулаториясы: Еден, қабырғалар мен электр жүйесінде олқылықтар бар. Қауіпсіздік талаптары сақталмаған.
  5. Ават дәрігерлік амбулаториясы: Кәріз жүйесінде желдету жүргізілмеген, инженерлік жүйелер сапасыз.

Бақылау нәтижесінде жобалық-сметалық құжаттарға, құрылыс нормаларына және жұмыс сапасына байланысты көптеген олқылықтар тіркелді. Авторлық және техникалық қадағалау жиі жүргізілмеген. Осыған байланысты облыстық мәслихат құрылыс сапасын арттыру мақсатында Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне, Прокуратураға және Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына тиісті құжаттарды жолдауды ұсынады.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Шеңгелдідегі пияз өндірісі: жағдай бақылауда, фермерлерге жан-жақты қолдау көрсетілуде

Мөлдір Иманмади
29.03.2026

Экологиялық акция: Алматы облысындағы 55 ғимарат жарығын өшіреді

Қорлан Нұрланқызы
28.03.2026

Таза Қазақстан: Қонаевта 3000 ағаш егілді

Қорлан Нұрланқызы
28.03.2026

Алматы облысында Наурыз туралы даулы видео түсірген блогер ұсталды

Қорлан Нұрланқызы
28.03.2026

Қатерлі ісік статистикасы: 2025 жылы 13 886 адам қайтыс болды

Қорлан Нұрланқызы
28.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz