Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында қатты қар мен жел күтіледі

Қазгидромет РМК синоптиктері 6 наурызда Алматы облысында қолайсыз ауа райы болатынын ескертті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
06.03.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар, Қоғам

Мамандардың мәліметінше, Алматы облысы аумағында ауа райы күрт өзгеріп, кей жерлерде қатты жауын-шашын мен жел күтіледі. Облыстың оңтүстігінде кей уақыттарда жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын болуы мүмкін. Ал тау бөктері мен таулы аудандарда қардың қалың түсуі ықтимал.

Сонымен қатар, өңірдің солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аймақтарында тұман түсіп, көктайғақ болады деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні кей жерлерде секундына 17–22 метрге дейін жетуі мүмкін.

Ал Қонаев қаласында да тұман мен көктайғақ болжанып отыр. Мұнда желдің екпіні секундына 17–22 метрге дейін күшеюі мүмкін.

Іле Алатауы аумағында, оның ішінде Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы бөліктерінде 6 наурызға қараған түні кей уақыттарда қатты қар жауады деп күтіледі.

Сондай-ақ бұл өңірлерде тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Желдің жылдамдығы солтүстік-шығыстан соғып, екпіні секундына 17–22 метрге дейін жетеді.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жүгері жинау науқаны қызу жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

Қонаевта шетелдік университеттердің білім көрмесі өтеді

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

«Таза Қазақстан»: жыл басынан бері абаттандыру ережесін бұзудың 2740 дерегі анықталды

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

Алматы мен облысты байланыстыратын жолдар кеңейтіледі: Үкімет ірі жобаларды тексерді

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

Алматы облысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жаңа тәсілі қолға алынды

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz