Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында өткен «Хантәңірі қазынасы» этнофестиваліне 25 мыңға жуық қонақ келді

Шалкөде төрінде өткен Райымбек ауданының 90 жылдық мерейтойына арналған «Хантәңірі қазынасы» халықаралық этнофестивалі өз мәресіне жетті. Мерекеге Қазақстанның түкпір-түкпірінен және шетелдерден келген 25 мыңға жуық қонақ қатысты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
12.07.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Шалкөде жайлауына жиналған қауым ауданның терең тарихымен, агроөнеркәсіптік, туристік әлеуетімен тереңірек танысып, тұмса табиғаттың тылсым сырына қанықты. Әсіресе «Жолан жүйрігі» республикалық ат бәйгесі халыққа ерекше әсер сыйлап, шара қорытындысында жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққандар марапатталды, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

«Жолан жүйрігінде» еліміздің әр өңірінен және шетелдерден келген таңдаулы шабандоздар бақ сынап, тартысты дода өткізді. Республикалық аламан бәйгеде Қордай ауданынан қатысқан «Ботагөз» тұлпары (иесі – Нұрберген Айсұлтан) мәреге бірінші болып жетті. Топ бәйгеде «Желсұлы» сәйгүлігі (иесі – Нұрсейіт Жылқышабай) топты жарып, нағыз жүйрік атанды. Құнан бәйгеде Қордай ауданынан келген «Қызғалдақ» тұлпары (иесі – Дүйсеғұл әулеті) жеңімпаз болды. Аталған үздіктер «CHANGAN» және «KIA» маркалы автокөліктері мен 2 миллион теңге қаржылай сыйлықты жеңіп алды.

Жергілікті шабандоздарға арналған аудандық бәйгелер де көрерменнің ерекше ықыласына бөленді. Онда Райымбек пен Кеген аудандарының сәйгүліктері сынға түсіп, бұл бәйгенің де жеңімпаздары автокөлік иесі атанды. Өзге қатысушылар да сыйлықтан құр қалған жоқ.

Додаға қатысқан шабандоздың бірі – Исламәлі Ертөс. «Бұл бәйгеге Ұзынағаш ауылынан арнайы келдім. Шалкөде жайлауын екінші мәрте көріп тұрмын. 4 жыл бұрын дәл осы жайлауда өткен «Жолан жүйрігіне» қатысқан болатынмын. Бәйгеде бәсекеге түсіп жүргеніме бес жылдай уақыт болды. Талай мәрте жеңімпаз да атандық. Дегенмен бүгінгі жеңістің орны тым бөлек. Осындай дүбірлі тойда жүлделі болғаныма қуаныштымын», – деді ол.

Мерейтой аясында ұйымдастырылған іс-шаралардың жоғары деңгейде өтуіне заманауи цифрлық технологиялар да сеп болды. Алматы облысының Цифрлық технологиялар басқармасы «Freedom Satellite» ЖШС-мен бірлесіп, Шалкөде жайлауында «Starlink спутник интернет жүйесін» іске қосты. Соның нәтижесінде фестиваль қонақтары мен қатысушылары таулы аймақта жоғары жылдамдықты интернетті еркін пайдаланды.

Іс-шара аясында сондай-ақ «Таза Қазақстан» акциясы ауқымды түрде ұйымдастырылды. Санитарлық тазалықты қамтамасыз ету мақсатында іс-шара өтетін аумақта барлығы 105 биодәретхана және 75 қоқыс контейнері орналастырылды. Тазалық жұмыстарын жүргізуге 3 бірлік арнайы қоқыс тасымалдаушы техника жұмылдырылды. «Таза Қазақстан» акциясына 1000 қап, 1000 қолғап дайындалып, 110 волонтер тартылды, сондай-ақ ауыл тұрғындары, жастар, белсенді азаматтар қатысып, іс-шара өткен аумақтың санитарлық тазалығын қамтамасыз етті. Нәтижесінде 7 тоннаға жуық қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылды. Іс-шара өткен 116 480 м² аумақта «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын насихаттау мақсатында 20 баннер орналастырылды. Тұзкөл ауылынан іс-шара өтетін орынға дейінгі 28 шақырым жол бойына әр 5 шақырым сайын 8 қоқыс контейнері қойылды. Іс-шара аяқталғаннан кейін барлық контейнерлер мен қалдықтарды уақытша жинау орындарынан барлық қоқыс жиналды. Жиналған қатты тұрмыстық қалдықтар арнайы қоқыс тасымалдаушы техникаларға тиеліп, белгіленген қоқыс полигонына шығарылды.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Конституция күні енді 15 наурызда атап өтіледі

Қорлан Нұрланқызы
12.07.2026

Алматы облысында өткен «Хантәңірі қазынасы» этнофестиваліне 25 мыңға жуық қонақ келді

Қорлан Нұрланқызы
12.07.2026

Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
12.07.2026

Шалкөдеде «Хантәңірі қазынасы» халықаралық этнофестивалі басталды

Қорлан Нұрланқызы
11.07.2026

Алматы облысында жануарлардың жұқпалы ауруларымен күреске 5 млрд теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
11.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz