Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында мобильді дәрігерлер аудан тұрғындарын қабылдайды

Алматы облысында 7 қыркүйектен бастап мобильді медициналық топтар аудан тұрғындарын қабылдай бастайды. Бір айдан астам уақыт бойы түрлі саладағы тәжірибелі дәрігерлер аудандық ауруханаларға барып, тұрғындарға мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
02.09.2026
Жаңалықтар

Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы ұйымдастырған көшпелі қабылдаулар 7 қыркүйек пен 9 қазан аралығында өтеді. Бастаманың негізгі мақсаты – тұрғындардың, әсіресе бейінді мамандарға жүгіну мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сапалы медициналық көмекке қолжетімділігін арттыру.

Бұл жолы мобильді топтардың жұмысы облыс орталығына жақын орналасқан аудандарды қамтиды. Аудандық ауруханалардағы қабылдауға сол маңдағы елді мекендердің тұрғындары да жүгіне алады.

Мобильді медициналық топ құрамына онколог, акушер-гинеколог, инфекционист, кардиолог, анестезиолог-реаниматолог, балалар инфекционисі, педиатр, ревматолог, гастроэнтеролог, неонатолог, психиатр және кардиохирург секілді бейінді мамандар енген.

Көшпелі қабылдау кезінде дәрігерлер науқастарды тексеріп, денсаулық жағдайын бағалайды. Қажет болған жағдайда қосымша зерттеулер тағайындап, әрі қарайғы емдеу тактикасын анықтайды. Медициналық көрсетілімдер болса, науқастарға хирургиялық көмек көрсетіліп, операциялық ем жүргізу де қарастырылған.

Мұндай форматтың басты артықшылығы – тұрғындарға тар бейінді маманның консультациясын алу үшін облыс орталығына арнайы барудың қажеті болмайды. Сонымен қатар дәрігерлердің аудандарға шығуы ауруларды ерте кезеңде анықтап, күрделі клиникалық жағдайларды дер кезінде бағалауға мүмкіндік береді.

Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменов мобильді топтардың жұмысын өңірдегі медициналық көмектің қолжетімділігін арттырудың маңызды тетіктерінің бірі деп атады.

«Бейінді мамандардың аудандық ауруханаларға баруы тұрғындарға қажетті консультацияны дер кезінде алуға, ауруларды ерте кезеңде анықтауға және әрі қарайғы емдеу тактикасын белгілеуге мүмкіндік береді. Тиісті медициналық көрсетілімдер болған жағдайда операциялық ем де жүргізіледі. Бұл – халық үшін медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстың бір бөлігі», – деді Ержан Сүлейменов.

Алматы облысында мобильді медициналық топтардың елді мекендерге шығуы бұған дейін де тәжірибеге енгізілген. Көшпелі қабылдаулар барысында мамандар тұрғындарды тексерумен қатар, күрделі жағдайларды саралап, пациенттерді әрі қарай емдеу немесе медициналық бақылауға алу жөнінде шешім қабылдайды.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Акжаркын
23.10.2026

Алаяқтықтан қорғанудың қарапайым жолдары

Акжаркын
23.10.2026

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу жолдары

Акжаркын
23.10.2026

Меншік құқығын қорғаудың маңызы

Акжаркын
23.10.2026

Жасыл ел – жарқын болашақ

Акжаркын
23.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz