Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ Алматы облысы

Алматы облысында күнбағыс жинау науқаны басталды

Алматы облысының Жамбыл ауданында күнбағыс жинау науқаны басталды. Аумағы 700 гектардан асатын ірі алқаптардың бірінде шаруалар өнім жинауға кірісті.

Мөлдір Иманмади
06.09.2026
Алматы облысы, Жаңалықтар
Screenshot

Screenshot

Алдын ала мәлімет бойынша, жекелеген учаскелердегі өнімділік гектарына 5 тоннаға дейін жетіп отыр. Қазіргі көрсеткіштер сақталған жағдайда аталған алқаптан 3,5 мың тоннадан астам күнбағыс жинау жоспарланған.

«Бүгінде шаруалардың алдында тұрған міндет – өнім көлемін арттырумен қатар, әр гектардың тиімділігін көтеру. Қол жеткізілген көрсеткіштер заманауи агротехнологияларды қолдану, су ресурстарын ұтымды пайдалану және өндірісті тиімді ұйымдастыру нақты нәтижеге жеткізетінін көрсетіп отыр. Алматы облысында су үнемдеу технологияларын енгізу ауыл шаруашылығын дамытудың негізгі бағыттарының бірі болып қала береді», – деді Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Димаш Сыдықов.

Жоғары өнімділікке қол жеткізудің негізгі факторларының бірі – алқаптың барлық аумағында тамшылатып суару технологиясының қолданылуы. Су үнемдеу технологиясы суару суын тиімді пайдалануға және ауыл шаруашылығы дақылдарының өсуіне қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Ауыл шаруашылығы өндірісін дамытуға мемлекеттік қолдау шаралары да ықпал етуде. Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы қолданыстағы субсидиялау бағдарламалары аясында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге мемлекеттік қолдау көрсетіп келеді. Оның ішінде су үнемдеу технологияларын енгізуге және ауыл шаруашылығы техникаларын жаңартуға бағытталған қолдау шаралары қарастырылған.

Жиналған өнімнің басым бөлігі сыртқы нарыққа бағытталады. Күнбағыс өнімінің шамамен 80 пайызын экспортқа шығару жоспарланып отыр. Бұл өткізу нарықтарын кеңейтіп, өңірдің агроөнеркәсіптік кешеніндегі экспорттық әлеуетті арттыруға мүмкіндік береді.

Жинау науқаны жалғасуда. Заманауи агротехнологияларды енгізу, су ресурстарын ұтымды пайдалану және материалдық-техникалық базаны жаңарту ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттырып, Алматы облысының аграрлық әлеуетін одан әрі нығайтуға мүмкіндік береді.

Тегтер: Алматы облысы ауыльшаруашылығыБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Screenshot

Алматы облысында күнбағыс жинау науқаны басталды

Мөлдір Иманмади
06.09.2026

Қонаевта Президенттің «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» кітабы талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
04.09.2026

«Жүрегімде мәңгі қалатын мекен»: Марат Сұлтанғазиев Алматы облысының халқымен қоштасты

Қорлан Нұрланқызы
04.09.2026

Бектенов Шыңғыс Әріновті таныстырып, негізгі міндеттерді атады

Қорлан Нұрланқызы
04.09.2026

Марат Сұлтанғазиев облыс активіне алғыс айтты

Қорлан Нұрланқызы
04.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz