Оқиға «Заслон» республикалық режимдік-профилактикалық іс-шарасы барысында анықталған. Алматы облысы мен Жетісу облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №14 мекемесінде құқық бұзушылықтың жолы кесілді.
Полиция мәліметінше, мекеме қызметкерлері күдікті азаматты тыйым салынған заттарды мекеме аумағына лақтыруға әрекеттенген сәтінде ұстаған.
«Ұсталған азаматтың жанынан скотчпен оралған 8 орам тәркіленді. Олардың ішінде 10 ұялы телефон, насыбай және алкоголь өнімдері болған. Құқық бұзушылық фактісі қызметкерлердің мобильді бейнетіркегіштері арқылы тіркелді», – деп хабарлады полиция өкілдері.





