Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында көпбалалы ана мемлекеттен грант ұтып алып, шағын тігінхана ашты

Талғар қаласының тұрғыны Жанерке Темірғалиеваның жаңа кәсіп ашуына мемлекет қолдау көрсетті, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі.

25.08.2022
Жаңалықтар, Қоғам
Ашық дереккөзден

Ашық дереккөзден

Ол «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» аясында 1 220 970 теңге грантқа қол жеткізді. Тиісті қаражатқа тігін машиналарын сатып алып, жұмысына белсене кірісті.

Кәсіпкердің қолынан шыққан бұйымдарға көпшілік дән риза. Ол тіккен көрпе-жастықтың тыстары, перделер, мектеп оқушыларының киімдері сапа жағынан ешкімнен кем емес. Ісінің ілгері басуына тігін машиналары мол мүмкіндік беріп отыр. Жанеркенің бұл салаға бет бұруына қыздары себеп болыпты. Гимнастикаға қатысатын Әмина мен Алуаға спорт киімдерін тігіп жүріп, осы өнерге машықтанған.

«Екі қызым да гимнастикамен айналысады. Жарысқа барғанда спорт киімдерін жалға аламыз. Оның бір күндік бағасы – 15000 теңге. Кейде спорт додасы 4-5 күнге созылады. Сондай кездерде қалтаң көтермейді. Осы киім-кешектерді неге өзім тігіп көрмеймін деген ой келді. Бастамамды қыздарым қуана құптады. Қолдан шыққан бұйымдар оларға бірден ұнады. Бірте-бірте біздегі жаңалықты айналамыздағы жұрт естіп, тапсырыстар түсе бастады», – дейді Жанерке Темірғалиева.

Көпбалалы ана тігін технологиясын меңгерген соң, кәсіп ашуды көздеген. Сол мақсатпен аудандық жұмыспен қамту орталығына барып, «Бизнес бастау» жобасына қатысады. Комиссия тарапынан оның жұмыстары оң бағаланып, жоғарыда айтқан грантқа ие болады.

«Мемлекеттік қолдаудың арқасында шағын бизнесіме жол ашылды. Таяуда кәсіпкерлікке даярлау курсын толық тамамдаймын. Ол жерде көп нәрсеге қанықтым. Ары қарай бастаған істі өрістетіп, дамытуға күш саламын», – дейді Жанерке.

Тегтер: гранткөпбалалы ана

Соңғы жаңалықтар

Алматыда бес жасар бала алтыншы қабаттан құлап кете жаздады

Қорлан Нұрланқызы
22.05.2026

Алматы облысында есектерді зебраға ұқсатып бояған: полиция тексеріс бастады

Қорлан Нұрланқызы
22.05.2026

Іле ауданында шегірткеге қарсы күрес күшейтілді: 25 мың гектар жер өңделеді

Қорлан Нұрланқызы
22.05.2026

Алматы облысында кореялық компания әлемдік деңгейдегі телехикая түсіріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
21.05.2026

Алматы облысында белгілі жазушы Сәуле Досжанмен рухани кездесу өтті

Қорлан Нұрланқызы
21.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz