Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында «Этносаралық келісім – тұрақты даму негізі» республикалық форумы басталды

26 маусым күні Алматы облысының орталығы – Қонаев қаласында «Бірлігіміз әралуандықта» жобасы аясында «Этносаралық келісім – тұрақты даму негізі» атты республикалық форум өз жұмысын бастады, деп хабардайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
29.06.2026
Аймақ, Жаңалықтар

Алматы облысы әкімдігінің ғимаратында өткен жиынға облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Майлыбаев, мемлекеттік органдардың өкілдері, өңірлердегі «Қоғамдық келісім» мекемелерінің директорлары, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері мен белсенді жастар қатысты.

Форум барысында этносаралық татулықты нығайту, қоғамдық келісімді сақтау және Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдағы рөлін арттыру мәселелері жан-жақты талқыланды. Сондай-ақ мемлекеттік органдар, этномәдени бірлестіктер мен жастар ұйымдары арасындағы өзара ынтымақтастықты дамытуға басымдық берілді.

Іс-шарада Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ведомствоаралық үйлестіру басқармасының басшысы Бақытжан Мастеков, «Алматы облыстық әзербайжан этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Анар Осман, «Қазақстан ұйғыр жастар одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Рустам Кайрыев және Алматы облысы «Ассамблея жастары» өкілдігінің төрағасы Валерия Плетнева баяндама жасап, қоғамдық келісімді сақтаудың өзекті бағыттары жөнінде пікірлерімен бөлісті.

Форум бағдарламасы тек пленарлық отырыспен шектелмейді. Қатысушылар үшін өңірдің мәдени-танымдық нысандарына экскурсиялар ұйымдастырылып, этносаралық келісімді нығайтудың үздік тәжірибелері талқыланатын алаңдар мен жастардың қатысуымен пікірталастар өткізу жоспарланған.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
28.08.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
28.08.2026

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
28.08.2026

Таза Қазақстан – ортақ міндет

Акжаркын
28.08.2026

Кеген ауданында 201,7 млрд теңгенің 50 инвестициялық жобасы жүзеге асырылады

Қорлан Нұрланқызы
28.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz