Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ Алматы облысы

Алматы облысында дәстүрлі «Бақ күні» өтті

Алматы облысында «Жасыл вектор: ғылымның, кәсіби білімнің және ауыл шаруашылығы өндірісінің интеграциясы» тақырыбында дәстүрлі «Бақ күні» ұйымдастырылды.

Мөлдір Иманмади
11.09.2026
Алматы облысы, Жаңалықтар

Іс-шара Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының қолдауымен өтті. Жиынға аграрлық сала ғалымдары, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен сала мамандары қатысып, заманауи технологияларды енгізу, ғылыми жетістіктерді өндірісте қолдану және тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады.

Бүгінде Алматы облысында бақтар, жүзімдіктер мен жидек алқаптарының жалпы аумағы 12,8 мың гектарды құрайды. 2025 жылы өңірде 96,4 мың тонна бау-бақша өнімі жиналды.

Кездесу барысында көшет және тұқым шаруашылығын дамыту, жеміс-жидек өндірісінің тиімділігін арттыру, сақтау және өңдеу қуаттарын кеңейту, сондай-ақ мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін арттыру бағыттары сөз болды.

Ғылым мен өндірістің өзара ықпалдастығы – агроөнеркәсіптік кешенді дамытудағы маңызды бағыттардың бірі. «Бақ күні» аясындағы пікір алмасу мен ұсыныстар өңірдің жеміс-жидек шаруашылығын одан әрі дамытуға және аграрлық сектордың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етпек.

Сонымен қатар, Ауыл шаруашылығы мен осы саланың кадрларын дайындауға қосқан үлесі үшін бірқатар шаруалар мен ұстаздарға төсбелгілер мен Алғыс хаттар табысталды.

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында дәстүрлі «Бақ күні» өтті

Мөлдір Иманмади
11.09.2026

Screenshot

Алматы облысында алма жинау басталды: шаруашылық өндірісті кеңейтіп жатыр

Мөлдір Иманмади
11.09.2026

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
11.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
11.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
11.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz