Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында дәрігерлер күрделі ота жасап, науқастың өмірін сақтап қалды

Алматы облысында дәрігерлер 64 жастағы науқастың өмірін сақтап қалды. Күрделі ота Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасында сәтті жасалды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар, Қоғам

Медицина мекемесіне шұғыл түрде жеткізілген науқасқа дәрігерлер қолқа аневризмасының жарылу қаупімен асқынған жедел аорталық синдром диагнозын қойған. Сонымен қатар, ішкі ағзалардың қанмен қамтамасыз етілуі бұзылып, төменгі аяқта сыни ишемия дамыған.

Науқастың жағдайының ауырлығына байланысты дәрігерлер консилиумы шұғыл түрде өткізіліп, хирургиялық араласу туралы шешім қабылданды.

Мамандар аневризманы алып тастап, заманауи тамырлық протез қолдана отырып, аорто-сандық бифуркациялық шунттау операциясын жүргізді.

Дәрігерлердің үйлесімді жұмысының нәтижесінде аневризманың жарылу қаупі толық жойылып, науқастың жағдайы тұрақтандырылды. Операциядан кейінгі кезең асқынусыз өтіп, екі аптадан соң пациент қанағаттанарлық жағдайда үйіне шығарылды.

Айта кетейік, науқасты тексеру мен емдеу міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында жүргізілді.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында көші-қон заңын бұзған 9 шетелдік елден шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысындағы резонансты іс: ер адам 25 жылға сотталды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысында дәрігерлер күрделі ота жасап, науқастың өмірін сақтап қалды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Іле ауданында 40 мыңға жуық ағаш отырғызылып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысында 44,6 млрд теңгеге 7 агрожоба іске асады

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz