Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында биыл 18 мектеп 8,7 млрд. теңгеге күрделі жөндеуден өтеді

Білім басқармасы биыл мектептерге күрделі жөндеу жүргізу жоспарлары туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі.

15.08.2022
Жаңалықтар, Қоғам

Олардың ішінде 3 мектептің күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Ал 11 мектептің жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 3 мектеп бойынша конкурс қорытындысы шығып, 2 тамызда келісім-шарт жасалып, жұмыстары басталды.

Талғар ауданы Дәулет ауылындағы №11 орта мектебі ғимаратының едені мен ішкі керегелері 2020 жылдың қаңтар айында жер асты сулары деңгейінің көтерілу салдарынан отыра бастады. Бұл жағдай жобалаушылардың геологиялық барлау жұмыстарын дұрыс орындамағанынан орын алған.

Білім басқармасының мәліметінше, жобалаушы мекеме ғимаратты жер астында батпақты негізі мен шөгінді топырақтары бар аумаққа орналастырған. Бүгінгі таңда 1-қабаттың ішкі бөлмелері мен асхананың ақаулары түзетілді.

«KaзНИИСА-ның 08.11.2021 жылғы №317 қорытындысына сәйкес «3- блоктың салынған бөлімдері мен қабырға конструкцияларының сәйкестігі туралы» 3-блоктың (асхана) жобалау шешімдерінің сәйкестігі, сонымен қатар Алматы облысы Талғар ауданының Дәулет ауылының 300 орындық құрылыс нысанының «ПСК Градцентр» ЖШС инженерлік-геологиялық жағдайлар туралы есебі алынды», — деп хабарлады басқармадан.

Кәріз жүйесі деңгейінің айналасында судың дренаждық жүйесін жасау үшін 62 млн теңге қаражат бөлінді. Қазір конкурс өткізіліп жатыр.

«Нұр Құрылыс-80» ЖШС тарабынан «КазНИИСА» АҚ-мен келісімшарт негізінде 7 млн теңгеге «Қойылған конструкциялардың және 1,2-ші блоктардың жобалық шешімдерге сәйкестігі» туралы қорытындысы алынды.

Оған сәйкес мектеп ғимараты қалыпты жағдайда, яғни бала өміріне қауіп жоқ. Білім бөлімі дренаж жұмыстарын жүргізуге 58 млн теңгеге қайтадан конкурс өткізді.

Сонымен қатар мектеп ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 95,6 млн теңгеге ашық конкурс берілген.

«Ағымдағы жөндеу жұмыстары оқу процесіне кедергі келтірмейді, себебі жөндеу жұмыстары 1 блоктың 1 қабатында өткізіледі, онда 3 оқу кабинеті ғана бар. Қалған 2-3 қабатта оқу кабинеттері жеткілікті», — деді басқарма басшысының орынбасары Гүлсара Исағұлова.

Тегтер: мектеп

Соңғы жаңалықтар

«Көктем-2026»: в регионах страны отрабатывают готовность к паводкам

Николай Иващенко
26.02.2026

Президент Сербии Александр Вучич прибыл в Астану с официальным визитом

Николай Иващенко
26.02.2026

Профилактика пищевых отравлений на объектах образования Алматинской области

Николай Иващенко
26.02.2026

В Алматинской области стартовали Республиканское командно-штабное учение «Көктем–2026»

Николай Иващенко
26.02.2026

КНБ совместно с иностранным госорганом провел задержание в Алматы

Николай Иващенко
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz