Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында бес пайыздық ипотекаға өтінім қабылдау басталды

Алматы облысында тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға жеңілдетілген ипотека арқылы баспана алу мүмкіндігі ұсынылды. 13 қарашадан бастап Еңбекшіқазақ ауданының Есік қаласындағы 180 пәтерге өтінім қабылдау басталды. Баспана бағасы 6,8 млн теңгеден басталады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
16.11.2026
Жаңалықтар

Отбасы банктің мәліметінше, бағдарлама аясында Есік қаласының Набережная көшесінде орналасқан 60 пәтерлі үш тұрғын үйден баспана ұсынылады. Үйлер 2026 жылғы 10 қарашада пайдалануға берілген. Таза әрлеудегі пәтерлердің бір шаршы метрінің құны 190 мың теңге.

Бағдарлама аясында ұсынылатын пәтерлер:

  • 45 бір бөлмелі пәтер – ауданы 35,8 шаршы метр;

  • 45 екі бөлмелі пәтер – ауданы 47,1 шаршы метр;

  • 90 үш бөлмелі пәтер – ауданы 68,3 шаршы метр.

Пәтерлердің бағасы ауданына қарай 6,8 млн теңгеден 12,9 млн теңгеге дейін жетеді.

Жеңілдетілген ипотекаға тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепте тұрған азаматтар қатыса алады. Негізгі талаптардың бірі – үміткердің Отбасы банкіндегі депозитінде баспана құнының кемінде 10 пайызы мөлшерінде алғашқы жарнаның болуы.

Өтінім қабылдау 2026 жылғы 27 қарашаға дейін жалғасады. Ал қатысушыларды іріктеу 30 қарашада өтеді.

«Қатысушыларды іріктеу тұрғын үйге мұқтаждар есебіне қойылған күн бойынша жүзеге асырылады. Есепке қойылған күндер сәйкес келген жағдайда Otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында қатысуға өтінім берген күн мен уақыт ескеріледі», – делінген банк хабарламасында.

Бағдарламаға қатысуға өтінімді otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталы арқылы беруге болады.

Тұрғын үй нысанының коды – 10626.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

ҰҚК-нің жаңа төрағасы тағайындалды

Қорлан Нұрланқызы
16.11.2026

Конституциялық соттың жұмыс тәртібі өзгерді: жаңа регламентте не көзделген?

Қорлан Нұрланқызы
16.11.2026

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Акжаркын
16.11.2026

Абай болсақ – апат азаяды

Акжаркын
16.11.2026

Әр балаға қауіпсіз орта қажет

Акжаркын
16.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz