Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында қант бағасы 317 теңге — «Жетісу» ӘКК

Осы бағада қант өнімін Талдықорған қаласында 6, облыс бойынша 47 сауда нүктесі сатып жатыр. Олардың мекенжайы туралы толық ақпаратты spk-jetisu.kz сайты арқылы білуге болады.

06.06.2022
Жаңалықтар

Алайда мұндай бағадағы қантты аталған дүкен сөрелерінен табу оңайға соқпайды. Нарықтағы қант тапшылығы салдарынан сауда нүктелері оны адам басына 1 келіден ғана үлестіруге мәжбүр. Қаладағы әлеуметтік маңызы бар өнімдер сатылатын дүкендердің бірі «Шойбек». Сауда орны күнделікті 50 кг қант сатып отыр.

«Басында бірден 50 кг қантты сөреге қоятынбыз. Адамдар 2-5 кг-нан алып кететін. Ал қазіргі күні мөлшермен, үш уақытқа бөліп сатып жүрміз және 1 адам тек 1 кг ғана ала алады. Мұндағы мақсатымыз барынша халықтың қолына аз мөлшерде болса да қантты жеткізу», — дейді дүкен сатушысы Динара Шойбекова.

Қазіргі уақытта «Жетісу» ӘКК мамандарының мәлімдеуінше, қорда 690 тонна қант бар. Мамандар бұл өңір бойынша қант қажеттілігін өтей алмайытынын әрі небары үш айға ғана жеткілікті екенін айтады. Қор мамандарының айтуынша, қант бағасының қымбаттауы Ресейден әкелінетін қант экспортына тыйым салынуына байланысты.

Айта кетейік, осы күні қаладағы қант бағасы аса қымбаттап кетті. Мәселен,  жекеменшік дүкендерде 600-700 теңге, ал үлкен сауда желілерінде 435 теңге шамасында.

Тегтер: Алматы облысықантТалдықорған
Please login to join discussion

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 1500 шақырымдық туристік маршрут зерттелді

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысында көші-қон заңын бұзған 9 шетелдік елден шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысындағы резонансты іс: ер адам 25 жылға сотталды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысында дәрігерлер күрделі ота жасап, науқастың өмірін сақтап қалды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Іле ауданында 10 мыңға жуық ағаш отырғызылып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz