Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында 72 жастағы науқастың алып кистомасы алынды

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының дәрігерлері 72 жастағы науқасқа күрделі операция жасап, құрсақ қуысының басым бөлігін алып жатқан алып кистоманы алып тастады. Түзілістің салмағы шамамен 5 келі, ал ішіндегі сұйықтық көлемі 10 литрге жуық болған, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
26.11.2026
Жаңалықтар

Науқас медициналық мекемеге ішінің төменгі бөлігіндегі ауырсыну мен тығыздалуға шағымданып келген. Белгілі болғандай, ол бұған дейін медициналық тексеруден өтпеген.

Компьютерлік томография нәтижесінде науқастың құрсақ қуысының басым бөлігін алып жатқан көлемді кистома анықталған.

Науқастың жасын, түзілістің көлемін және клиникалық жағдайдың күрделілігін ескере отырып, операцияға бірнеше бейіндегі маман жұмылдырылған. Хирургиялық операцияны аурухананың гинекологтары мен хирургтары бірлесіп жүргізген.

«Бұл күрделі клиникалық жағдайлардың бірі болды. Кистома құрсақ қуысының басым бөлігін алып жатты. Оның көлемі өте үлкен болды: салмағы шамамен 5 келі, ал ішіндегі сұйықтық мөлшері 10 литрге жуықтады. Мұндай жағдайларда ауруды дер кезінде анықтау, дұрыс емдеу тактикасын таңдау және әртүрлі бейіндегі мамандардың үйлесімді жұмысы аса маңызды. Операцияны ауруханамыздың хирургтарымен бірлесіп жүргіздік», – деді Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының дәрігер-гинекологы Риза Керемқұлова.

Науқасқа медициналық көмек міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында көрсетілген.

Мамандар профилактикалық медициналық тексерулерден жүйелі түрде өтудің маңыздылығын атап өтті. Дәрігерлер іштің төменгі бөлігіндегі ауырсыну, қалыптан тыс тығыздалу сияқты белгілерді елемей жүре бермей, дер кезінде медициналық көмекке жүгінуге кеңес береді.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Абай бол! Жол қауіпсіздігі әркімнен басталады

Акжаркын
27.11.2026

Есірткі қылмысы – қоғамға ортақ қауіп

Акжаркын
27.11.2026

Интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік ережелері

Акжаркын
27.11.2026

Өз мүлкіңді қорға – өз құқығыңды біл

Акжаркын
27.11.2026

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол жоқ

Акжаркын
27.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz