34000-ның ішінде қазақ тілінде оқитын – 25680 (76%) оқушы, орыс тілінде оқитын – 7462 (22,1%) оқушы, ұйғыр тілінде оқитын – 621 (2%) оқушы бар.
Жалпы, елімізде 400 мыңға жуық өтініш түскен. Оның 80 пайызы құжатты электронды форматта тапсырған. Министрліктің мәліметінше, еліміз бойынша бірінші сыныпқа құжат қабылдау мерзімі аяқталды. Айта кетерлігі, ата-аналардың 70 пайызы балаларын қазақ тілінде оқытуға құжат тапсырыпты.
Сондай-ақ Абай, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай және Қарағанды облыстары бірінші сыныпқа өтініш бергендер саны жағынан алда тұр. Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында да мектеп табалдырығын алғаш аттайтындардың қатары көп.
Қызылорда облысында баласын қазақ тілінде оқытуға құжат тапсырғандардың үлесі көп. Облыс бұл көрсеткіш бойынша 89,6 пайызбен көш бастап тұр. Одан кейін Ұлытау – 86,6 пайыз, Маңғыстау – 86,2 пайызбен үштікті қорытындылаған. Жамбыл облысында да бұл көрсеткіш жаман емес. Тұрғындардың 80,4 пайызы баласының мемлекеттік тілде білім алғанын қалайды екен.
«Бұл – балаларды 1-сыныпқа қабылдау науқанының қорытындысы. Оқу жылының басталуына бір ай қалды. Енді мектептер оқу-тәрбие үрдісін сапалы дайындауға және ұйымдастыруға, сынып жиынтықтарын қалыптастыруға кіріседі», – делінген министрлік хабарламасында.