Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысына келетін туристер саны артты

Алматы облысы соңғы жылдары еліміздегі басты туристік бағыттардың біріне айналып отыр. Статистика деректері өңірге келушілер легінің тұрақты өсімін көрсетеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
22.08.2025
Жаңалықтар
Фото: ашық дереккөзден

Фото: ашық дереккөзден

2022 жылғы 1 маусымдағы мәлімет бойынша облыста 12 774 төсек-орны бар 234 орналастыру нысаны жұмыс істеді. Сол жылы 145 мыңнан астам туристке қызмет көрсетілді. 2023 жылы көрсеткіштер біршама артты: орналастыру орындарының саны 251-ге, төсек-орын қоры 13 253-ке жетіп, демалушылар саны 177 418 адамды құрады. 2024 жылы оң динамика сақталып, нысандар саны 270-ке, төсек-орындар 14 987-ге жетті. Сол жылы туристердің жалпы саны 215 826 адам болды.

Биылғы жылдың алғашқы тоқсаны да оң үрдісті жалғастырып отыр. Қазіргі таңда облыста 270 орналастыру орны жұмыс істейді. Төсек-орын қоры 15 451-ге жетіп, 161 548 туристке қызмет көрсетілді.

Туризмді мониторингтеу барысында «еQonaq» ақпараттық жүйесінің деректері де ескеріледі. 2024 жылы осы жүйе арқылы Алматы облысына 134 775 шетелдік турист келгені тіркелген. Бұл 2023 жылғы көрсеткіштен 60 пайызға артық. Ал 2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша өңірге 80 807 шетелдік турист келіп үлгерген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,3 пайызға жоғары. Осы деректерге сәйкес Алматы облысы Алматы және Астана қалаларынан кейінгі үшінші орында тұр.

Шетелдік туристердің негізгі бөлігі ұлттық табиғи парктерге бағытталатыны байқалады. Бұл өңірдің табиғи нысандарының халықаралық деңгейде жоғары тартымдылығын айқындайды. Әсіресе, «Көлсай көлдері» және «Іле-Алатау» ұлттық парктері мен Шарын шатқалы ең көп баратын орындар қатарында. 2025 жылғы 1 шілдедегі көрсеткішке сәйкес «Іле-Алатауға» 371 мыңнан астам, «Көлсай көлдеріне» 253 мыңнан аса, ал Шарын шатқалына 81 мыңнан астам адам барған.

Мемлекет тарапынан жүргізіліп жатқан жүйелі шаралар мен инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары Алматы облысын еліміздің ғана емес, шетелдік қонақтар үшін де ерекше тартымды өңірге айналдыруға мүмкіндік беріп отыр.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысы жазда туристерді қандай шаралармен таңғалдырады?

Қорлан Нұрланқызы
22.06.2026

Алматы облысында кадрлық тағайындау: басқармаға жаңа басшы келді

Қорлан Нұрланқызы
22.06.2026

Алматы облысында «Заң мен тәртіп» қағидаттарын насихаттаған акция ұйымдастырылды

Қорлан Нұрланқызы
22.06.2026

Қапшағай су қоймасынан 5 шақырым заңсыз ау торы шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
22.06.2026

Шыңғыс Әрінов Алматы облысында жаңа өрт сөндіру бөлімін ашты

Қорлан Нұрланқызы
22.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz