Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысы: жаңа оқу жылында 12 мектеп қолданысқа беріледі

2022-2023 жж. жаңа оқу жылының басталуына екі апта уақыт қалды. Облыстың биылғы дайындығы қандай екенін білу мақсатында Alataunews.kz тілшілері облыстық Білім басқармасынан жауап алды.

16.08.2022
Аймақ, Жаңалықтар

«Өткен жылы облыста 54 мектеп үш ауысымда жұмыс істеді. Осы мәселені шешу үшін 2022 жылы 20 нысана салу жоспарланды. Биыл 12 мектеп қолданысқа беріледі. Оның ішінде, 1-қыркүйекте Жамбыл ауданында 1 мектеп ашылады. Қалғаны жыл соңына дейін жұмысқа кіріседі. Биыл үш ауысымда қанша мектеп жұмыс істейтіні белгісіз, балалар оқуға кірген соң нақты санды айта аламыз. Сонымен қатар, облыста оқу жылының басында 3 жеке меншік мектеп өз жұмысын бастайды», — дейді облыстық орта білімді дамыту бөлімінің басшысы Әлішер Ғалымұлы.

Сондай-ақ, былтыр әлеуметтік осал топтағы, көпбалалы отбасыдан шыққан, белгілі бір жеңілдігі бар 43339 балаға тегін тамақ берілді.

«ҚР Үкіметінің № 544 қаулысы күшіне енгеннен кейін мектеп формасы мен кеңсе тауарларын сатып алуға бір балаға 37 500 теңге жұмсалатын болды. Бұл мақсатқа бюджеттен қосымша 343,1 млн. теңге бөлінеді. Ата-аналардың жеке шотына ақша аудару 25 тамызға дейін аяқталады», — дейді Ә. Ғалымұлы өз сөзінде.

Айта кетейік, Алматы облысында 423 мектепте 317 446 бала оқиды. Оның ішінде 694 млн.теңге сомасына аз қамтылған отбасылардан шыққан 27 765 баланы тегін мектеп формасымен және кеңсе керек-жарақтарымен қамтамасыз ету жоспарланған.

Тегтер: жаңа мектепоқу жылы

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттары жаңартылды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстан бойынша Digital Nauryz аясында ЖИ-дәрістер мен ашық кездесулер өтеді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстанда техникалық байқау қағидаларына өзгерістер енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Талғар ауданында 500-ге жуық жастың қатысуымен форум өтті

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Алматы облысында жыл басынан бері 57 есірткі құқық бұзушылығы анықталды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz