Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысы мектептерінде мұғалімдер тапшы

Облыстағы 423 мемлекеттік мектепте 31 193 мұғалім білім береді. Десе де, кадр тапшылығы мәселесі әлі де өзекті мәселенің бірі. Бұл түйіткіл турасында Тамыз кеңесінде облыстық Білім басқармасы басшысы С. Беспаева сөз қозғады, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі.

24.08.2022
Жаңалықтар, Қоғам

«2021-2022 оқу жылында облыс мектептеріне 4 263 мұғалім келсе, оның 1135-сі  жас мамандар. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 133 маман көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға несие алды», — деді басқарма басшысы.

Дегенмен, оның сөзіне сүйенсек, облысқа әлі де 467 кадр қажет. Оның ішінде:

  • орыс тілі мен әдебиеті — 165;
  • математика — 113;
  • бастауыш сынып мұғалімі — 90;
  • ағылшын тілі — 31.

Аталған санды аймақтарға бөлсек:

  • қалалық мектептерге — 89;
  • ауылдық аймақтарға — 289 маман керек.

С. Беспаева Алматы облысында кадр тапшылығы проблемасын шешу үшін жауапты министрліктің ұсынған арнайы бағдарламасы жүзеге асып жатқанын айтты.

Айта кетейік, қазіргі таңда бағдарламаға қатысушы үміткерлер конкурстан өтіп жатыр.

Тегтер: Дипломмен ауылғамұғалім

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 1500 шақырымдық туристік маршрут зерттелді

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысында көші-қон заңын бұзған 9 шетелдік елден шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысындағы резонансты іс: ер адам 25 жылға сотталды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысында дәрігерлер күрделі ота жасап, науқастың өмірін сақтап қалды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Іле ауданында 10 мыңға жуық ағаш отырғызылып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz