«Аталған 18 мектептің 3-нің жөндеу жұмыстары аяқталды. Талғар ауданы Дәулет ауылындағы №11 ОМ жөндеуден өткізу үшін қайтадан конкурс ойнатылып жатыр. Жөндеу жұмыстары жүргізілген күннің өзінде балалардың білім алуына еш кедергі тумайды. Себебі, жөндеу 1- қабатта ғана болады. 2,3-қабатта балалар оқи береді», — деп атап өтті Г.Исағұлова.
Маманның хабарлауынша, қаржының кеш бөлінуіне байланысты 5 мектептің жөндеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Оқушылар бағдарламадан қалмауы үшін жақын жердегі мектептерге тасымалданатын болады.