Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы – Бішкек тасжолының бойынан табылған сәбидің туыстары іздестіріліп жатыр

Алматы облысында өткен жылдың қазан айында Алматы – Бішкек тасжолының бойынан табылған сәби қыздың ата-анасы мен жақын туыстары әлі күнге дейін анықталған жоқ. Еріктілер мен полиция бүлдіршіннің туыстарын іздестіру жұмыстарын жалғастырып, тұрғындарды ақпаратпен бөлісуге шақырып отыр, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
13.07.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Lider.kz іздестіру-құтқару еріктілер қозғалысының мәліметінше, сәби 2025 жылғы 24 қазанда Алматы облысының Жамбыл ауданында Алматы – Бішкек автожолының бойынан табылған. Жол бойымен өтіп бара жатқан азаматтар кішкентай қызды байқап қалып, бірден полиция қызметкерлеріне хабар берген.

Табылған кезде қыз баланың жасы шамамен 7–8 ай болған. Оның үстінде ақ-қызғылт түсті комбинезон, ал басында қызғылт түсті телпек болған.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары мен еріктілер сәбидің анасы мен жақын туыстарының жеке басын анықтау жұмыстарын жалғастыруда.

Осыған байланысты Lider.kz ұйымы бүлдіршіннің анасы, туыстары немесе оның шығу тегі туралы қандай да бір мәлімет білетін азаматтарды бейжай қалмауға шақырады.

Кез келген ақпаратқа ие болған тұрғындардан полицияға немесе Lider.kz іздестіру-құтқару еріктілер қозғалысына хабарласу сұралады.

Еріктілердің айтуынша, тіпті болмашы көрінген ақпараттың өзі сәбидің туған-туыстарын анықтауға және оның тағдырына қатысты маңызды мән-жайларды ашуға көмектесуі мүмкін.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан әлемдегі ең ықпалды 35 елдің қатарына енді

Қорлан Нұрланқызы
13.10.2026

Алматы облысында 500 млн долларға кен байыту фабрикасы салынбақ

Қорлан Нұрланқызы
13.10.2026

Алматы мен БАКАД-ты байланыстыратын алты магистраль салынып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
13.10.2026

Іле өзенінің бойынан 1 мың қап қоқыс шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
13.10.2026

Қонаев қаласының спортты дамыту орталығына жаңа басшы тағайындалды

Қорлан Нұрланқызы
13.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz