Спикердің мәліметінше, Алматы әуежайы өткен жылы 7,2 млн-нан астам жолаушыны қарсы алған.
«Өткен жылы 64 697 рейс жасалды, биыл 8 млн-нан астам жолаушы, 70 мыңнан астам әуе рейсі, 94 мың тонна Карго рейсі ұшады деп күтіліп отыр», — деді әуежай басшысы.
Ол сондай-ақ биыл рейстер саны 67-ге дейін артатынын айтты.
«Біз Ашхабад, Ереван, Карачи, Кутаиси, Лахор, Маскат, Кайрол және Сиамға жаңа рейстер ашылады деп күтіп отырмыз», – дейді спикер.
Ол сондай-ақ әуежайға келушілер арасында ең танымал бағыттарды атады.
Алып Ер Тоңға Ерсойдың айтуынша, халықаралық рейстер арасында ТОП-5 бағытқа — Ыстанбұл, Дубай, Анталия, Мәскеу, Ташкент, ал ішкі рейстер арасында — Астана, Шымкент, Ақтау, Атырау, Ақтөбе қалалары кіреді.