Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Әлем

Тоқаев Астанада БҰҰ-ның жоғары өкілдер тобымен кездесті

Ақордада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-ның жоғары өкілдер тобымен кездесіп, экологиялық мәселелер туралы пікір алмасты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
23.04.2026
Әлем

Президент осындай салмақты делегацияның келуі Орталық Азия мен одан тысқары жерлердегі экологиялық мәселелердің шешімін табудағы БҰҰ-ның рөлін талқылауға мүмкіндік беретінін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев Ұйымның Өңірлік экологиялық саммит пен жиынның күн тәртібін әзірлеуге қосқан үлесін жоғары бағалады. Мемлекет басшысы геосаяси тұрақсыздық белең алған шақта климат өзгерісі, қоршаған ортаның нашарлауы және су ресурстарының тапшылығы секілді қазіргі сын-қатерлерге қарсы іс-қимылды үйлестіру өте өзекті екеніне тоқталды.

«Қазақстанның тиімді әрі көпжақты дипломатияны қолдайтынын жақсы білесіздер. Қарабайыр күш халықаралық құқыққа үстемдік етіп отырған, геосаяси ахуал ушыға түскен құбылмалы кезеңде сіздермен жолығып отырмыз. Кеше осы күрделі мәселелер жөнінде егжей-тегжейлі баяндадым. Халықаралық қоғамдастық мұны Біріккен Ұлттар Ұйымы мен басқа да көпжақты құрылымдар шеңберінде бірлесе шешуі керек», – деді Тоқаев.

Президент жаһандық мәселелерді шешуде мемлекеттердің күш-жігерін жұмылдыра алатын БҰҰ-ның әмбебап халықаралық платформа ретіндегі баламасыз рөліне назар аударды. Осы орайда Ұйымның тиімділігі мен беделін көтеруге арналған Бас хатшының UN80 бағдарламасын қолдайтынын тағы да атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ делегациясының мүшелеріне елімізде әділетті әрі орнықты мемлекет құруға бағытталған ауқымды реформалар іске асырылып жатқанын айтты. БҰҰ өкілдері Өңірлік экологиялық саммиттің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын, Қазақстан Президенті пленарлық отырыста мазмұнды баяндама жасағанын оң бағалады. Олардың айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаев көтерген идеялар пікірталасқа негіз болып, Қазақстанның бастамалары өзекті екенін көрсетті. Кездесуге қатысушылар Мемлекет басшысына өздері жетекшілік етіп отырған ұйымдардың қызметі және климат, су қауіпсіздігі, апаттардың қаупін азайту, азық-түлік тұрақтылығы бағыттарында жүзеге асырып жатқан жобалары жайында мәлімет берді.

Әңгімелесу барысында Қазақстанның жаһандық бастамаларына айрықша мән берілді. Мемлекет басшысы БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құру идеясын көтергенін жеткізіп, Алматыда ашылған БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған орнықты даму мақсаттары жөніндегі орталығы өңірлік ықпалдастықты ілгерілетуде маңызды рөл атқаратынын мәлімдеді.

Президент Қазақстан орнықты даму, тұрақтылық пен өркендеу жолында БҰҰ құрылымдарымен ынтымақтастықты одан әрі дамыта беретінін растады. Кездесуге БҰҰ Бас хатшысының экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Ли Цзюньхуа, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары – БҰҰ Даму бағдарламасы әкімшісінің орынбасары Хаолян Сюй, БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының атқарушы хатшысы Татьяна Молчан, БҰҰ Бас хатшысының апаттар қаупін азайту жөніндегі арнаулы өкілі және БҰҰ апаттар қаупін азайту жөніндегі басқарма басшысы Камал Кишор, Дүниежүзілік метеорология ұйымының Бас хатшысы Селеста Сауло, Климат өзгерісі бойынша сарапшылардың үкіметаралық тобының төрағасы Джим Скеа, Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы бас директорының орынбасары – Еуропа мен Орталық Азиядағы аймақтық өкілі Виорел Гуцу қатысты.

Тегтер: ҚазақстанҚасым-Жомарт Тоқаев

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында антитеррорлық оқу-жаттығулар өтеді

Қорлан Нұрланқызы
23.04.2026

Тоқаев Астанада БҰҰ-ның жоғары өкілдер тобымен кездесті

Қорлан Нұрланқызы
23.04.2026

Алматы облысы Ресеймен ынтымақтастықты күшейтпек

Қорлан Нұрланқызы
23.04.2026

RES EXPO – 2026: Алматы облысының өнімдері халықаралық көрмеге қойылды

Қорлан Нұрланқызы
23.04.2026

Алматы облысында 3 мыңнан астам бала қызылшаға қарсы екпе алды

Қорлан Нұрланқызы
22.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz