Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Әлем

Алматы облысында республикалық күйшілер байқауы өтеді

Жетісу күй өнерінің негізін қалаушы, күйші-сазгер Қожеке Назарұлының 200 жылдығына арналған «Тарту» атты Республикалық күйшілер байқауы өтеді.

16.08.2023
Әлем

Айтулы шара Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен және мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен өткізілмек. Алғашқы рет ұйымдастырылған байқау 16 тамыз күні Қонаев қаласында өтеді.

Аталмыш байқауға еліміздің Алматы, Астана қалаларынан, Батыс Қазақстан, Абай, Қызылорда, Жетісу, Қарағанды, Алматы облысынан келген 17 дарынды күйші бақ сынайды. Екі кезеңнен тұратын сайыста қатысушылар билет таңдау арқылы шығарма орындаса, ақтық кезеңде жеке дайындап келген туындыларын көрермен назарына ұсынады.

«Күй өнеріне жеңіл-желпі адамдар бара алмайды, жүрегінің түгі бар, рухани қазынасы мол адам ғана күй саласына қадам басады. Ол үлкен құрылымнан тұратын екі шекті домбыра арқылы халықтың мұңын, зарын, қуанышын, жеткізетін ұлы дүние. Бабалар мұрасын дәріптеп, дәуірдің үнін домбырамен жеткізіп жүрген жас өнерпаздарға сәттілік тілеймін», — дейді Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы Тулеужан Ғұмаров.

Домбыраның құлағында ойнаған күйшілерге Қазақстанға еңбегі сіңген танымал күйші, композиторлары қазылық етеді. Үміткерлердің өнерін бағалау кезінде төрешілер орындаушылық шеберлігіне, шығарманың күрделілігіне, сахна мәдениеті мен ұлттық киіміне баса назар аударады.

Айта кетейік, 17 тамыз Райымбек ауданында әйгілі күйші-композитор Қожеке Назарұлының туғанына 200 жыл толуына арналған байқауда халық өнерін зерттеуші ғалым Сағатбек Медеубекұлының «Қожекенің күй мектебі» атты дәріс-концерті өтеді.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында дрондар 376 жол ережесін бұзуды анықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында 25 отбасы баспаналы болды

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында ерекше балаларға арналған тұсаукесер өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматыда ЖИ дәуіріндегі ғылымның дамуына арналған халықаралық конференция өтті

Мөлдір Иманмади
17.04.2026

Алматы облысында бес көлік соқтығысты

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz