Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Айсұлтан мен Айлин – 2025 жылдың ең танымал есімдері

Ұлттық статистика бюросы 2025 жылдың алғашқы жартысында жаңа туған сәбилерге ең көп қойылған есімдердің тізімін жариялады, деп хабарлайды аlataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
28.05.2025
Жаңалықтар
Фото: ашық дереккөзден

Фото: ашық дереккөзден

Жанға жылы, көңілге қуаныш сыйлайтын бұл мәліметтерде ата-аналардың талғамы мен ұлт руханиятының көрінісі айқын байқалады.

2025 жылғы 1 қаңтар мен 22 мамыр аралығында республика бойынша тіркелген нәрестелердің есімдеріне жүргізілген талдау нәтижесінде, ұл балалар арасында Айсұлтан, ал қыз балалар арасында Айлин есімі көш бастаған. Бұл – қазіргі ата-аналар баласына әсем де мағыналы есім беруге деген ұмтылысының жарқын дәлелі.

Ұлдарға жиі қойылған есімдер:

Айсұлтан, Мұхаммед, Омар, Әлихан, Рамазан, Алдияр, Мухаммад, Әмір, Алан, Хамза, Әли, Нұрислам, Альтаир, Айбар, Ислам, Алинұр, Муслим, Мансұр, Дінмұхаммед, Зейін, Ибраһим, Мирас, Хақназар, Арлан, Арсен.

Бұл есімдердің көпшілігі ислам мәдениетімен тығыз байланысты, мағынасы терең әрі рухани салмаққа ие. Мәселен, «Айсұлтан» – айдай сұлу, сұлтан сынды мықты тұлға болсын деген ізгі тілекпен қойылады. «Мұхаммед», «Омар», «Әли» сынды есімдер Пайғамбарымыз бен оның сахабаларының есімдері ретінде ғасырлар бойы құрметтеліп келеді.

Қыздарға жиі қойылған есімдер:

Айлин, Медина, Асылым, Айша, Мариям, Томирис, Аяла, Сафия, Раяна, Айым, Амина, Адия, Хадиша, Зере, Хадия, Ясина, Айару, Айкөркем, Айзере, Кәусар, Аиша, Ясмина, Жасмин, Фатима, Айдай.

Бұл есімдердің ішінде де ұлттық және діни сипаттағы, сондай-ақ поэтикалық әуезі бар атаулар жиі кездеседі. Мысалы, «Айлин» түркі тілдерінде ай нұрындай жарқыраған ару деген мағына береді, ал «Томирис» – батыр бабамыздың атын иеленіп, қайсарлық пен ұлт рухын бойына сіңірген бейне. «Зере», «Кәусар», «Айзере», «Айкөркем» сынды есімдер — ұлттық нақыштағы ерекше мәнге ие таңдаулар.

Сәби есімі – ата-ананың алғашқы үлкен шешімі, баласына берген алғашқы сыйы. Ол арқылы олар болашаққа үміт артып, ұрпағына рухани жол сілтейді. Қазақ халқы үшін есім – тек атау емес, тағдырға әсер ететін рухани таңба. Бұл тізім қазіргі қоғамның рухани ізденісін, ұлт пен дінге, тарих пен болашаққа деген құрметін айқын көрсетіп отыр.

Жыл өткен сайын ұлт мәдениетімен үндес, мағынасы терең есімдерге сұраныс артып келе жатқаны қуантады. Бұл – саналы ата-аналардың, ұлттық санасы сергек қоғамның көрінісі.

Тегтер: Ұлттық статистика

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының XXII маусымы ашылды

Қорлан Нұрланқызы
18.05.2026

Алатауда жолаушыларға арналған аэротакси сынақтан өтеді

Қорлан Нұрланқызы
18.05.2026

Атырауда төрт адамның өліміне қатысты резонансты іс бойынша сот басталды

Қорлан Нұрланқызы
18.05.2026

Алматы облысында табиғатты бүлдірген жасөспірімдер жауапкершілікке тартылды

Қорлан Нұрланқызы
17.05.2026

Алматы облысында шенді полицейге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Қорлан Нұрланқызы
17.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz