Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

«Жүректен жүрекке»: Талғардағы өнер фестивалі ерекше балалардың жүрегін тербеді

Талғар ауданында ерекше балалардың өнері мен талантын ұлықтайтын «Жүректен жүрекке» атты фестиваль өтті, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
12.11.2025
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Іс-шара облыстық әкімдік пен мәслихаттың, сондай-ақ «AMANAT» және «Respublika» партияларының қолдауымен ұйымдастырылды.

Мүмкіндігі шектеулі балалардың шығармашылығын қолдау және қоғамға бейімделуіне жағдай жасау мақсатында өткен фестивальге облыстың 9 ауданы мен Қонаев және Алатау қалаларынан келген 22 дарынды бала қатысты.

Талғар аудандық Мәдениет үйінде өткен шара барысында жас суретшілердің көрмесі қойылып, олардың қолөнер бұйымдары мен туындылары көпшілік назарына ұсынылды. Сахнада жиырмадан астам бала ән айтып, би билеп, өздерінің ерекше қабілеттерін көрсетті.

Фестивальдің ашылуында Алматы облысының әкімі атынан облыстық мәслихат төрағасы Қуат Байғожаев қатысушыларды құттықтап, жылы лебізін білдірді.

– Бүгінгі фестиваль – тек талантты балалардың мерекесі ғана емес, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі жандардың да қоғамда өз орны бар екенін көрсетеді. Облыс басшылығы олардың шығармашылығын дамытуға жан-жақты қолдау көрсетіп келеді. Келешекте бұл шараны республикалық деңгейде өткізу бастамасын қолдауға дайынбыз, – деді ол.

Сондай-ақ Талғар ауданының әкімі Таңат Айдарбеков та жас өнерпаздарға ізгі тілегін жеткізді.

– Бұл – мейірімділік пен өзара түсіністіктің символы. Осындай іс-шаралар адамдарды біріктіріп, жүректерді жақындастырады. Әр баланың жылулығы айналасын нұрға бөлесін, – деді аудан басшысы.

Фестиваль барысында балалардың шығармашылық жолында еңбек етіп жүрген ұстаздар мен ұйымдастырушылар облыс әкімдігі мен мәслихаттың Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Сахнада ерекше әсер қалдырған өнер иелерінің бірі — талғарлық Зейнеп Өтегелді «Қорқыт туралы аңыз» әнін орындап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Ал Әли Бегалы «Opera 2» және «Over the Rainbow» шығармаларын шеберлікпен орындап, залды тәнті етті. Іле ауданынан келген Мағжан Рауанұлы «Мен қазақпын!» патриоттық әнімен көрермендерді рухтандырды.

Шара соңында барлық қатысушы жас дарындар Мақтау қағазы мен ақшалай сыйлықтарға ие болды.

Аудан әкімінің кеңесшісі Марат Жапаровтың айтуынша, бұл игі бастама келер жылы да өз жалғасын табады.

– Фестивальді келесі жылы көктемде қайта өткізіп, оны республикалық, тіпті халықаралық деңгейге шығару жоспарланып отыр, – деді ол.

Талғардағы бұл мереке – тек өнер додасы емес, мейірім мен шабыттың, жүректен жүрекке жол тартқан жылылықтың символына айналды.

Соңғы жаңалықтар

Алматыда ЖИ дәуіріндегі ғылымның дамуына арналған халықаралық конференция өтті

Мөлдір Иманмади
17.04.2026

Алматы облысында бес көлік соқтығысты

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

Қонаев жастары Іле жағасынан 9 тоннадан астам қоқыс жинады

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

Алматы облысында 500 млн теңге алимент өндірілді: 13 борышкерге қылмыстық іс қозғалды

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

Алматы облысында алаяқтарға алдана жаздаған әйелді полиция құтқарып қалды

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz