Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Жетісу облысында заманауи шаңғы-биатлон кешені салынады

Жетісу облысында қазіргі заманғы шаңғы–биатлон кешені салынады. Бұл туралы Сенат депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың жауабында айтылған.

23.11.2022
Аймақ

«Қазіргі уақытта Жетісу облысында 25 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі бар. Олардың контингенті 22 533 адамды құрайды. Оның ішінде шаңғы жарысымен 121 оқушы айналысады, олармен 6 жаттықтырушы жұмыс істейді. Алакөл және Сарқан аудандарында Жетісу облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының қысқы спорт түрлерін дамыту бойынша БЖСМ жұмыс істейді», — деді Әлихан Смайылов өз жауабында.

Оның атап өтуінше, 2022 жылы Сарқан ауданының Черкас ауылдық округінде шаңғы спортын дамыту үшін «Аманат» ЖШС қаражаты есебінен 800 және 200 метр бугель көтергіштері (тау шаңғышылары мен сноубордшыларды тауға сүйреуге арналған жабдық) бар «Теректі шаңғы базасы» салынып, пайдалануға берілді. Демеушілік қаражат сомасы 120 млн теңгені құрады.

«Мемлекет басшысының 2022 жылғы 20 қазандағы Жетісу облысына жұмыс сапары барысында берген тапсырмасын іске асыру үшін өңір әкімдігі болжамды біржолғы өткізу қабілеті 250-300 адам және жалпы құны шамамен 20 млрд теңге болатын қазіргі заманғы шаңғы – биатлон кешенін салу үшін 20-25 гектар жер бөлу мәселесін пысықтап жатыр. Сарқан ауданы мен Текелі қаласы қысқы спорт түрлерін дамытуға неғұрлым қолайлы аймақ болып саналатындығына байланысты құрылыс салуға жер учаскесін таңдау және бөлу үшін Жетісу облысы әкімдігінің салалық басқармаларының өкілдерінен комиссия құру жоспарланған. Кешен құрылысы нәтижесінде шаңғы жарысы, биатлон, сноуборд, фристайл могул және акробатика сияқты қысқы спорт түрлерін дамыту көзделеді. Кешеннің құрылысы 2024-2027 жылдарға арналған республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен болжанады», — деді Үкімет басшысы.

Тегтер: Жетісу облысыкешен

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Сталкинг ісі: Алматы облысында актрисаның күйеуі қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматыда 8 келі метамфетаминмен ұсталған күдікті қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысында ауа райы күрт нашарлайды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысы call-орталықтарының байланыс нөмірлері жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz