Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Жетісу облысында қуаттылығы 50 МВт болатын жел электр станциясы іске қосылды

Жетісу облысының Сарқан ауданында қуаттылығы 50 МВт болатын жел электр станциясы іске қосылды.

10.02.2023
Аймақ

Сарқан ауданында станция — негізінен жеке қаражат есебінен жүзеге асқан өңірдегі ең ірі жоба. Жалпы қондырғыларды орнату, құрылыс жұмыстарын жасауға 19,4 млрд. теңге қаражат жұмсалған.

Кезең-кезеңімен жоспарланған электр станция құрылысы 2019 жылы басталып, желді аймаққа ең алдымен 6 қондырғы орнатылып, 2022 жылдың қараша айында толық аяқталып, жұмысын бастады.

Биіктігі 100 метр, айналғыш қанаттары 70 метр болатын мұнараның саны — 16. Олардың біреуінің өзі 3,2 МВт өңдеуге қауқарлы.

«Мұндай электр қуатын өңдейтін станса Қапшағай қаласында бар болса, енді ауданымыздың Лепсі аймағында бар. Бірақ қуаттылығы жағынан басым түспек. Яғни жылына 50 МВт тоқ көзін өңдемек», — деді Сарқан ауданының әкімі Ғалымжан Қанатұлы.

Лепсі ауылынан 80 км қашықтықта орналасқан станция кең жазықта орналасқан желді аймақ. Желдің өтінде орналасқан жазық мекен болғандықтан, мұндай мұнаралар жыл бойы жарық қуатын өңдей алмақ.

Осындай ірі әрі тиімді жобалардың арқасында ауданға инвестиция тартылып, жаңа жұмыс орындары ашылып өңірдің одан әрі дамуына өз септігін тигізеді деген сөз.

Сонымен қатар, Сарқан ауданы электр қуатын өндіруде басқа аудандардан қарағанда басым түсіп келе жатқандығы баршаға аян. Мұнда 5 су электр станциясын салу жоспарланған болса, қазір оның үшеуі үздксіз жұмыс жасап тұр. Қалған екі электр станцияларының құрылыс жұмыстары жалғасып жатыр.

Айта кетейік, өткен жылдың қараша айынан бері жел электр станциялары 23,767 мың болатын КВт сағат өңдеген.

Тегтер: Жетісу облысыСарқанэлектр станция

Соңғы жаңалықтар

Ұлттық банк: инфляция 11,7%-ға дейін төмендеді

Қорлан Нұрланқызы
07.03.2026

СІМ қазақстандықтарға Таяу Шығыстағы бірқатар елге бармауға кеңес берді

Қорлан Нұрланқызы
07.03.2026

Қонаевта өңір дамуына үлес қосқан әйелдер марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
07.03.2026

Алматы облысында агросаланың болашағы талқыланды

Мөлдір Иманмади
06.03.2026

Dolce компаниясының ұжымы: Жаңа Конституция – ел дамуы үшін маңызды

Қорлан Нұрланқызы
06.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz