Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Жастарға керегі — заң мен тәртіп

Мемлекет басшысы өткен жылғы халыққа жолдауында елді «Заң мен тәртіп» қағидатын біржола орныққан, білім мен парасат үстемдік ететін қоғам құруға шақырды. Бұл туралы Алматы облыстық жастар ресурстық орталығының баспасөз қызметі хабарлады.

Мөлдір Иманмади
26.06.2025
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Өз сөзінде азаматтары, әсіресе жастары мәдениетті, жаңашыл ұлттың ұпайы түгелдігін баса айтты. Президент үндеуі аясында Алматы облысы жастарымен құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында бірқатар жұмыс атқарылды.

Биыл «Заң мен тәртіп үстемдігі – тұрақтылықтың кепілі» тақырыбында 20-дан астам кездесу ұйымдастырылып, 1000-ға жуық жас қамтылды. Бұл шара елдің болашағына кесел келтіретін нашақорлық, есірткі саудасына қарсы күресті күшейтті. Вандализм, луномания сынды теріс әрекеттерден сақтауда маңыздылығы зор болды, — дейді ұйымдастырушылар.
«Бұл жұмыстар жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру мен қоғамдық тәртіптің, азаматтардың заңдарды сақтау маңыздылығын түсінуге бағытталған. Сыбайлас жемқорлық пен заңсыз әрекеттерге теріс көзқарас қалыптастыру мақсатында нәтижелі кездесулер өткізілді. Онда осы бағытта жастарға терең ой салатын сала майталмандары шақырылды. Мұндағы мақсат — жастардың ережеге бағынып, тәртіпті болуға бағыттау. Олар өркениетті ел болуға кедергі жасайтын жағымсыз әрекеттерден арылуы керек», — дейді Алматы облыстық жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы Шыңғыс Мұқашев.

 

Басқосулар аймақтың түкпір-түкпірінде ұйымдастырылды. Онда Полиция департаменті, прокуратура, антикор қызметкерлері, сала ардагерлері шақырылды. Жастармен сұхбатында өз ісінің кәсіби мамандары тәжірибелерімен бөлісіп, қатысушыларды кез келген заңсыздықтан сақтануға шақырды. Заң бұзушылыққа төтеп беретін мықты иммунитет қалыптастыру жолдарын да түсіндірді.

«Заңға деген құрмет адал азаматқа тән қасиеттердің бірі. Бұл салада талай жыл еңбек сіңірдік. Ел арасында іріткі салатын, қоғамға қауіп төндіретін құқықбұзушылық әрекеттерге тосқауыл қою қажет. Ол үшін аға буын тәрбиесі аса маңызды. Әрбір заңға қайшы жағдайлардың салдары, жазасы болады. Мұны жастар ұғынуы қажет. Өйткені, оның азаматтардың келешегіне ғана емес, ұлттың тағдырына тікелей әсері бар», — дейді полиция ардагерлерінің төрағасы Қалижан Алпысбаев.

Заң мен тәртіп аясындағы жиындарға Алматы облыстық прокуратурасының ардагерлер кеңесінің төрағасы Әбдіберік Әділбеков, облыс прокурорының көмекшісі-бөлім бастығы Алмас Жалгасов қатысып, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департамент басшысының бірінші орынбасары Айдос Мамыт, облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Арман Тіленшин, Полиция департаменті және кадр жұмысы басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Жанар Көптілеуова сынды білікті мамандар шақыртылды. Олар жастармен еркін форматта тілдесіп, олардың құқықтық сауаттылығын арттыруға үлесін қосты.

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында мемлекеттік қызметшілерге арналған «Журналист – жау емес» атты оқу тренингі өтті

Мөлдір Иманмади
03.03.2026

СІМ мәлімдемесі: алғашқы эвакуациялық автобустар Дубайдан жолға шықты

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында су тасқыны қаупі орташа: дайындық күшейтілді

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында референдумға дайындық: есептен шығару куәлігін қалай алуға болады?

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Қазақстанда «Стрептоцид» дәрісі айналымнан алынды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz