Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Жақсылық жасап жарысқан жастар: Алматы облысы үздіктер қатарында

1 наурыздан бастап елімізде еріктілер қозғалысын қолдауға бағытталған «Жақсылық жаса» атты жалпыұлттық акция басталды. Аз уақыт ішінде бұл бастама бүкіл Қазақстан бойынша ауқымды қолдау тауып, қоғамның түрлі топтарын әлеуметтік және экологиялық жобаларға белсенді тартуға ықпал етіп отыр, деп хабарлайды аlataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
13.06.2025
Аймақ, Алматы облысы

Марафон басталған алғашқы күндерден-ақ Алматы облысының еріктілері жоғары белсенділік танытып, екі мыңнан астам іс-шара ұйымдастырды. Бұл көрсеткіш бойынша өңір республика бойынша көш бастап келеді.

Алматы облыстық Жастар саясаты мәселелері басқармасының дерегінше, бүгінде өңірде 20-дан астам ірі еріктілер ұйымы жұмыс істейді. Еріктілердің жалпы саны 10 мыңнан асады. Қозғалыс барлық аудан мен ауылдық округті қамтып, әлеуметтік қолдаудан бастап экологиялық жобаларға дейін түрлі бағыттарды біріктіруде. Әсіресе Мемлекет басшысының «Тaza Қазақстан» бастамасы аясында экологиялық волонтерлік қызметке деген қызығушылық артып келеді.

«Соңғы бір жарым жылда жастарды еріктілік қызметіне тарту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Арнайы іс-шаралар күнтізбесі бекітіліп, Жастар ресурстық орталығы жанынан еріктілік бастамаларды дамыту және қолдау бөлімі ашылды. Сонымен қатар алғашқы көмек көрсету, көшбасшылық, іс-шара ұйымдастыру және жобалық басқару бойынша оқыту курстары іске қосылды», — деді Алматы облыстық Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Мәди Ахметов.

Бұдан бөлек, әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында еріктілікті насихаттау мақсатында кең көлемді ақпараттық науқан жүргізілуде. Негізгі мақсат — жаңа еріктілерді тарту және қоғамда еріктілер еңбегінің маңызын кеңінен насихаттау.

Сонымен қатар Алматы облысының Еріктілер фронт-офисі өз жұмысын жаңартып, жыл бойына жүйелі түрде өткізілетін білім беру бағдарламаларын енгізуде. Бұл бағдарламалар еріктілерге тек көмек көрсетіп қана қоймай, кәсіби дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.

Мамандардың айтуынша, «Жақсылық жаса» марафоны жастардың азаматтық белсенділігін арттырып, қоғамда еріктілік мәдениетін қалыптастыратын маңызды алаңға айналмақ.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында мемлекеттік қызметшілерге арналған «Журналист – жау емес» атты оқу тренингі өтті

Мөлдір Иманмади
03.03.2026

СІМ мәлімдемесі: алғашқы эвакуациялық автобустар Дубайдан жолға шықты

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында су тасқыны қаупі орташа: дайындық күшейтілді

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында референдумға дайындық: есептен шығару куәлігін қалай алуға болады?

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Қазақстанда «Стрептоцид» дәрісі айналымнан алынды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz