Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Жаңбыр жауса, батпаққа батып қаламыз — Ақдала ауылының тұрғындары

Талғар ауданы Кеңдала ауылдық округіне қарасты Ақдала ауылында жол жоқ. «Ауылым айтсын» айдарымен тілшілер екінші елдімекеннің жай-күйімен танысып қайтты, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі.

12.09.2023
Аймақ

«Біздің нақты талап етіп отырғанымыз – жол. Өйткені балалардың мектепке барып-келуі қиындап кетті. Ертең бір жаңбыр жауғанда барлығы батпаққа айналады. Үйге жетуіміз мұң болады», – деді тұрғын Толғанай Камалова.

Халықтың қолдан жасап алған жалғыз жолы жылдан жылға жабылып жатыр. Нақты белгіленген жол болмағандықтан, жолдың үстінен салынған үйлер көбейіп келеді. Сәйкесінше, көп ұзамай халық шөбі белуардан келетін жазықпен жүреді.

«Әкімдіктегілер жолды ауылдың шетінен салмақ. Ол бізге ыңғайсыз. Қазірдің өзінде аулалардың ішімен жүріп, қалаға, мектепке қатынаймыз», — деді Толғанай Камалова.

Ауылдың шаһарға шығатын екі нүктесі бар. Ол жерлерде таудан аққан су сарқырап ағып жатыр. Тұрғындар өз бетінше көпір жасатып алған. Жүк көлігі жүрсе бірден бұзылып қалады. Бұқара ақша жинап, қайта қалпына келтіреді.

Ал елдімекенге көшіп келгеніне 8 жыл болған тұрғын Зәуреш Мединеваның айтуынша, әкімдік жарық-суды тартуға да еш мән бермеген. Сонда халық ақша жинап, өздері тартып алған. Жарыққа әр үйден 500 мың, суға 170-200 мың теңге қаржы шығындалған.

«Ақдаладан жер сатып алып, үй салғанымызға өкініп кеттік. Біз үйімізді жөндейміз ба, әлде су, жарық, жол жасап жүреміз бе? Суды тартқызғанымызбен сыздықтап тұр. Сәуір айында әкімдікке барғанбыз, жолдың қай жерден өтетінін белгілеп, тас төсеп береміз деген. Осы күнге дейін ештеңе өзгерген жоқ», — деді Гүлназ есімді тұрғын.

Кеңдала ауылдық округінің әкімі Алмас Өмірзақов бар мәселеден хабардар екенін жеткізді. Айтуынша, Ақдала ауылы қазірде кеңейіп жатыр. Ол аумақтар кезінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер болған.

«Сіздер барған жердегі үйлер 2017-2018 жылдан бері салынған. Бұл жақтағы жерлерді әкімдік сатпаған. Ауылдың қазіргі орны жекешелендіру басталғаннан кейін «Колхоз Алматы» мекемесінің паймен сатылған жерлері. Бірақ елдімекен статусы бар. Биыл 6 көшені жөндедік», — деді ауыл әкімі.

Оның сөзінше, барлық жұмыс қаржының бөлінгеніне байланысты болмақ. Биыл Ақдала ауылының тілшілер барған бөлігіне ақша қарастырылмаған. Ендігі жылдың бюджетіне өтінім беру үшін құжаттар дайындалып жатыр.

«Жаңа құрылыс бізден қарқынды жұмыс істеп жатқаны рас. Соңғы екі аптада арнайы құрылғылар арқылы көшелердің қазығын қағып, белгілеп жатырмыз», — деді әкім.

Жердің нысаналы мақсаты өзгертілгенін айтқан әкім жол қашан түсетініне нақты жауап бере алмады.

Айта кетейік, Кеңдала ауылдық округінің құрамында 4 ауыл, 77 саяжай бар. Онда 112 көше болса, соның 7,5 пайызына ғана асфальт төселген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Alatau News (@alataunews.kz)

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттары жаңартылды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстан бойынша Digital Nauryz аясында ЖИ-дәрістер мен ашық кездесулер өтеді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстанда техникалық байқау қағидаларына өзгерістер енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Талғар ауданында 500-ге жуық жастың қатысуымен форум өтті

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Алматы облысында жыл басынан бері 57 есірткі құқық бұзушылығы анықталды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz