Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Жамбыл ауданында «Таза орта – ұлт болашағының кепілі» атты экологиялық іс-шара өтті

Алматы облысының Жамбыл ауданында «Таза орта – ұлт болашағының кепілі!» атты экологиялық бағыттағы ақпараттық-ағартушылық іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
21.11.2025
Аймақ, Алматы облысы

Шара республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында өткізіліп, тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыруды, табиғатты аялауға деген жауапкершілігін күшейтуді көздеді.

Іс-шараға аудан тұрғындары, жастар ұйымдары, еріктілер, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты. Қатысушылар тұрмыстық қалдықтарды басқару, табиғатты қорғау, жасыл аймақтарды көбейту және экологиялық мәдениетті дамыту мәселелерін талқылады.

Жамбыл атындағы кәсіптік колледждің директоры Болат Бекбосынұлы Алтаев сөз сөйлеп, экологиялық білім мен тәрбие берудің маңыздылығына тоқталды.

«Бүгінгі кездесу – жай ғана ақпарат алмасу емес. Бұл – әр азаматты экологиялық мәдениетті арттыруға, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға шақыру. Өйткені таза орта – ұлт болашағы, ал болашақ – біздің қолымызда», – деді ол.

Шара соңында қатысушылар табиғатты қорғауға арналған бастамаларды қолдап, «таза қоршаған орта – таза сана мен жарқын болашақтың кепілі» деген ортақ оймен тарқасты.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Жаңа Конституция – әділетті қоғамның берік негізі

Акжаркын
05.11.2026

Қоғамдық қауіпсіздік – қоғам тұрақтылығының кепілі

Акжаркын
05.11.2026

Өз мүлкіңді қорға – өз құқығыңды біл

Акжаркын
05.11.2026

Абай бол! Жол қауіпсіздігі әркімнен басталады

Акжаркын
05.11.2026

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Акжаркын
05.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz