Шара республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында өткізіліп, тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыруды, табиғатты аялауға деген жауапкершілігін күшейтуді көздеді.
Іс-шараға аудан тұрғындары, жастар ұйымдары, еріктілер, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты. Қатысушылар тұрмыстық қалдықтарды басқару, табиғатты қорғау, жасыл аймақтарды көбейту және экологиялық мәдениетті дамыту мәселелерін талқылады.
Жамбыл атындағы кәсіптік колледждің директоры Болат Бекбосынұлы Алтаев сөз сөйлеп, экологиялық білім мен тәрбие берудің маңыздылығына тоқталды.
«Бүгінгі кездесу – жай ғана ақпарат алмасу емес. Бұл – әр азаматты экологиялық мәдениетті арттыруға, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға шақыру. Өйткені таза орта – ұлт болашағы, ал болашақ – біздің қолымызда», – деді ол.
Шара соңында қатысушылар табиғатты қорғауға арналған бастамаларды қолдап, «таза қоршаған орта – таза сана мен жарқын болашақтың кепілі» деген ортақ оймен тарқасты.





