Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Жамбыл ауданы — сайлаушылар саны ең жоғары аймақ

Бүгін елімізде тұңғыш рет әкімдер сайлауы өтіп жатыр. Саяси науқан Қазақстандағы 45 ауданда жүруде. Пилоттық жобаны Алматы облысында екі аудан – Жамбыл мен Балқаш аудандары атқарып жатыр, деп хабарлайды alataunews.kz.

05.11.2023
Аймақ

Әкім сайлауы өткізіліп жатқан сол 45 ауданның, нақтылай кетсек 42 аудан мен 3 қаланың ішінде сайлаушы саны көп аймақ – Жамбыл ауданы. Бұл туралы ақпаратты Жамбыл аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Жақсылық Қарымбаев айтты.

Аталған аудан бойынша дауыс беру құқығы бар азаматтардың саны – 105 895. Осынша адамның сайлау құқығын жүзеге асыруы үшін бүгін аудан аумағында 77 сайлау комиссиясы жұмыс істеп жатыр. Ондағы комиссия мүшелерінің саны – 534 адам. Таңғы сағат 7-де басталған дауыс беру науқанында іркіліс жоқ.

Аудандық сайлау комиссиясы төрағасының айтуынша, халықтың белсенділігі жоғары. Мәселен, күндізгі сағат 10.00-ге дейін сайлаушылардың 11,7 пайызы өздері тіркелген сайлау учаскелеріне келіп, таңдауларын жасаған.

Бұл аралықта сайлау учаскелерінде ешқандай тәртіп бұзушылық, заңсыздықтар болған жоқ дейді Жақсылық Сұлтанұлы. Сағат 16.00-де Жамбыл ауданында сайлаушылардың 48 пайызы дауыс беріп үлгерді.

Тегтер: Алматы облысыЖамбыл ауданысайлау

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 1500 шақырымдық туристік маршрут зерттелді

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысында көші-қон заңын бұзған 9 шетелдік елден шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысындағы резонансты іс: ер адам 25 жылға сотталды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысында дәрігерлер күрделі ота жасап, науқастың өмірін сақтап қалды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Іле ауданында 10 мыңға жуық ағаш отырғызылып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz